Атырау, 16 желтоқсан 19:47
Түнде ашық-5, таңертең -4
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 334.92  € 395.88  P 5.71

Үш жәрдемақының орнына біреуі беріледі

17 наурыз 01:36


2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда үш түрлі арнайы мемлекеттік жәрдемақының орнына атаулы әлеуметтік көмек төленетін болады. Бұл туралы Атырау облыстық әкімдігінің кеңесінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара ДҮЙСЕНОВА әңгімеледі.

2018 жылдан бастап әр отбасы мүшесіне шаққанда кем дегенде күнкөріс минимумының 50 пайызынан төмен кірісі бар отбасылар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі енгізіледі. Алайда бұл көмекті алу үшін отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамту орталықтарының ұсыныстарын міндетті түрде қабылдауы тиіс. Егер адам ұсынылған жұмыстардан немесе оқыту курстарынан бірнеше рет бас тартса, ол көмек алу құқығын жоғалтады.

Қазіргі уақытта әр отбасы мүшелерінің кірісі күнкөріс минимумының 40 пайызынан төмен отбасылардың көпбалалы отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақыны; 18 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасылардың балаларына берілетін мемлекеттік балалар жәрдемақысын; аз қамтылған үй шаруашылығына ұсынылатын атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар. Ал 2018 жылдан бастап осы түрлердің барлығы жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) ауыстырылады. АӘК 2 түрге бөлінеді: шартсыз және шартты ақшалай көмек. Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті отбасы мүшелері жоқ отбасыларға (мәселен, мүгедектер немесе зейнеткерлер отбасы) немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептер бойынша жұмыспен қамту шараларына қатыса алмайтын отбасыларға (мәселен, мектепке дейінгі жастағы балалары бар жалғызбасты ана) ұсынылады. Мұндай отбасылар үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу қажет емес. Ал шартты ақшалай көмек өз құрамында кем дегенде еңбекке қабілетті бір мүшесі бар отбасыларға, бірақ, жоғарыда айтылып өткендей, жұмыспен қамту шарасына міндетті қатысу шартымен ұсынылады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 2014 жылдан бастап әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында қолданылды. Ол жерде әлеуметтік шарт жасаған тұлғалар үшін шартты ақшалай көмек көрсетуді қарастыратын «Өрлеу» пилотты жобасы енгізілді. 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап өңірлік пилотты жобалар жергілікті бюджеттер есебінен 38 қала мен ауданда қосымша іске қосылды. Осылайша, 2015 жылы «Өрлеу» жобасына 20,2 мың адам, 2016 жылы 38,8 мың адам қатысты. Ұйымдастырушылардың сендіруінше, жобаны жүзеге  асыру оған қатысушылардың орташа жан басына шаққандағы кірісін 2 еседен көп арттыруға; жұмыспен қамту шарасына 90,5% еңбекке қабілетті қатысушыларды тартуға; атаулы әлеуметтік көмек алушыларды 24,7%-ға азайтуға көмектескен.

Жобаны  әрі қарай жүзеге асыру үшін 2017 жылы республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге қаралды. Биыл «Өрлеу» пилотты жобасына еліміздегі бүкіл қалалар мен аудандардан 150 мың аз қамтылған азаматтарды тарту жоспарланып отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1354 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Киімге қарап қарсы алып...  862 рет қаралды

Жұмысқа қабілетті азаматтар еңбек етпесе, әлеуметтік көмек төленбейді - министр Дүйсенова   633 рет қаралды

Міндетті медициналық сақтандыруға қайтадан көшеміз  1383 рет қаралды

Әлеуметтік көмек «оңтайландырылады»  1553 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5