1 2 3 4
Атырау, 24 наурыз 15:13
Кешке бұлыңғыр болады+4, түнде +2
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 315.55  € 338.93  P 5.53

Министр Дүйсенова зейнетақылар мен жәрдемақылар туралы  

16 наурыз 17:27

16 наурызда облыстық әкімдікте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара ДҮЙСЕНОВА мен облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ қатысуымен кеңес өтті. Біздің облысымызға министрдің жұмыс сапарымен келуі халықты жұмыспен қамту және зейнетақы мен жәрдемақылар мөлшерін көтеру мәселелерін түсіндіруге байланысты болып отыр.

Тамара Дүйсенова жиналғандарға алдағы уақытта зейнетақы мен жәрдемақының өсетіндігі туралы әңгімеледі. Зейнетақының төменгі мөлшері (базалық зейнетақы есебімен) 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 40 950 теңгені құрайды, ал 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ол 45 711 теңгеге дейін көтеріледі. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақы есебімен) 2017 жылы 1 шілдеден бастап 60 167 теңгеден (2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап) 66 676 теңгеге дейін көтеріледі. Сәбидің дүниеге келуіне байланысты бір мәрте берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға, ал 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап тағы 20 пайызға көтерілетін болады. Нәтижесінде 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы өсім 27 пайызды құрайды.


Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

715 рет қаралдыБасты бет

 

Тақырып бойынша жаңалықтар

Келесі жылдан бастап Қазақстан мен Жапония шенеуніктері визасыз жүреді   285 рет қаралды

2017 жылдың 1 шілдесiнен бастап Қазақстанда екі миллион зейнеткердің базалық зейнетақысы артады  578 рет қаралды

Қазақстанда мандариндерден «тұмау жұқтыру» туралы тараған жазба теріске шығарылды   295 рет қаралды

"Астанада өлтірілген жігіттің мәйітін табуға экстрасенс көмектескен". "Жаңа Білім министрі жастық шағында орыстілді ортада тәрбиеленгенін айтты". "Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіру: 10 жыл толастамаған дау". "Сайлау сценарий бойынша өте ме?".  1323 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5