Атырау, 27 сәуір 07:08
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

"Ұлттық қордың сауықтыру қаржысы: қарға қай банктің «алақанына» саңғытады?", "Ұлтымызға жаны қас Cоловьев қазаққа не үйретпек?", "Өнімі өтпесе, өндіріс өркендей ме?", "Бас мұғалімге дауа жоқ",

2 613 просмотра

AZATTYQ.ORG. "ИМ құрамында жанкешті тәжіктер неге көп?" - Ислам дінінің ресми тіркелмеген ағымдарын мемлекеттің басып-жаншуы, шетелде еңбек мигранты ретінде мәжбүрлі жұмыс істеу және бұрынғы арнайы қызмет командирінің экстремистерге қосылуы сияқты факторлар жанкешті тәжіктердің көбеюіне ықпал етті.

"«Наурыз.kz» авторлары елге деген сүйіспеншілікті күшейткісі келеді" - Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан кинотеатрларында «Наурыз.kz» фильмі көрсетіле бастайды. Оны көріп, авторларының алғашқы көрермендерге айтқанын естігеннен кейін Азаттық тілшісі «Наурыз.kz» Тимур Бекмамбетовтің «Шыршалар» («Ёлки»), Ричард Кёртистің «Нағыз махаббат» («Реальная любовь»), тіпті Голливуд фильмдерімен таласуға лайықты қазақстандық фильм деген ойға келді.

365INFO.KZ. "Түркиядағы қазақтар: «Гималайдың басында бабам қалған…»" - 365info.kz сайтының тілшісі Райхан Рахым Түркияға барып, осындағы Алтай ауылында тұратын қазақтардың тыныс-тіршілігімен танысып қайтыпты. Алып қосары жоқ, жүрекпен жазылған дүниені аударып бастық. Сонымен…

"Министрлерді қазақша сөйлетудің әдісі табылды. Дос Көшімнің ұсынысын кім қолдайды?" - Қазақстанда тіл туралы баптарды өзгертіп, „Мемлекеттік тіл туралы„ қайта заң қабылдау керек. Ал қазіргі қолданыстағы заң аяққа байланған тас секілді қоғамды артқа тартуда.

ZHASALASH.KZ. "Бас мұғалімге дауа жоқ" - Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев наурыздың 9-ы күні Астанада өткен баспасөз мәслихатында қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан мен саясаттанушы Айдос Сарымды «төмен түсіріп» тастады. Бас мұғалімді «қазақ халқына және қазақ тіліне қарсы шықты» деп әлеуметтік желіде айыптаған М.Тайжан мен А.Сарымның «министр отставкаға кетсін» деген талаптарына Е.Сағадиев: «Ол кісілердің мұндай мәлімдемелерімен таныс емеспін. Ондай сөздер айтылған болса, мен өзімнің жауабымды беретін де шығармын. Бірақ олар мұндай мәселені көтере алатын адамдар қатарынан емес», – деп шықты.

"Ұлттық қордың сауықтыру қаржысы: қарға қай банктің «алақанына» саңғытады?" - Естеріңізде болар, 2008 жылы Үкімет пен Ұлттық банк дағдарысқа қарсы жоспар құрды. Осы жоспар аясында келер жылы жүйеқұраушы банктер, оның ішінде Қазком, Халық банкі, БТА мен Альянс банктер бар, мемлекеттен 476 млрд теңге алған еді. Мұны сол кездегі бағаммен АҚШ долларына шаққанда 14 млрд доллар екеніне көз жеткіземіз.

ABAI.KZ. "15 жастағы сауатсыз Сүндеттің мектепке барғысы келеді" - Редакциямызға «Алтын-орда» базарының маңындағы «Ақсай» саяжайында (Алматы облысы, Қарасай ауданы) 15 жасқа келгенше мектеп табалдырығын аттап көрмеген Сүндет атты бала тұрады» деген хабар түсті. Ұлжалғас есімді апайымыз кішкене баланың болашақ тағдырына алаңдайтынын айтып, «тиісті орындарға Сүндетің жайын жеткізсеңіздер» деген өтінішін білдірді.

"Мирзияев диктатор Кәрімовтің ізін жалғастырушы" - Танымал өзбек саясаткері,  "Бирдамлик" ("Ынтымақтылық") ХДҚ-нің төрағасы Баһадыр Хон Түркістанмен сұқбат.

QAMSHY.KZ. "Қазақ жазушысының беделі күзетшіден төмен" - Турасын айтайыншы: тәуелсіздік алғанымыз зор қуаныш қой, бірақ, осы ширек ғасырда көп қадірлімізден айырылып қалдық. Сол қадірлілердің – ең қадірлісі – СӨЗ!

"Кет дегенде.... Біздің министрлер отыра береді" - Сағадиевтің «сандалма» реформалары ата-ана, бала-шаға тұрмақ, мұғалімдердің өзін мезі етіп бітті. Бұрындары зейнет жасынан асса да, бала оқытуға ынтығып тұратын ұстаздар, қазір мектептен кеткенше асығатын болған. Өйткені, білім беру бағдарламасына тыныштық жоқ, әркімнің әдісін тықпалаумен келеді, бұл министр.

QAZAQUNI.KZ. "Ұлтымызға жаны қас Cоловьев қазаққа не үйретпек?" - Жақында Қазақстанға Ресейдің журналисті келеді екен. «Россия-1» арнасының жүргізушісі Владимир Соловьев Алматы мен Астанада шешендігін көрсетіп, шеберлік сыныбын өткізбек көрінеді.

DALANEWS.KZ. "Кәсіпкер: «Тутубаевтың мақсаты – мені түрмеге қамату»" - Өткен аптада баспасөзде кәсіпкер Қонай Масипханның Бас прокурор Жақып Асановқа жазған Ашық хаты жарияланды. Кәсіпкер хатында Асқар Тутубаев (Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары) пен оның інісі Бақытбек Тутубаевтан қысым көріп отырғанын жазып, Бас прокурордан араша сұраған. 10 наурыз күні осы іске қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Осы сотқа нақтылы мән-жайды білмекке бір топ журналист барған еді. Бірақ Тутубаев пен оның қорғаушылары журналистердің сот отырысына қатысуына қарсы болды. Олар журналистерге осы мәселе төңірегінде пікір білдіруден қашып, «Ашық хат жарияланған сайттарды жаптырып тастаймыз» деп те шүйлікті. Біз соттан кейін хат иесімен жолығып, мәселенің мән-жайын тереңірек білмекке тырысып көрдік. Егер екінші тарап дәл осындай сұхбат беруге келісер болса, олардың да уәжін тыңдауға әзірміз. Келесі сот отырысы 15 наурыз күні Іле аудандық сотында өтеді.

EGEMEN.KZ. "Өнімі өтпесе, өндіріс өркендей ме?" - Қазынадан қыруар қаржы қаралып, индустрияландыру бағдарламасына енгізілген жобалардың о баста жұмысы да, жарнамасы да жақсы еді. «Қазақстанда жасалған», «Атырауда шығарылған» деп жарыса жазғанбыз. Алайда, қуаныш ұзаққа бармады. Отандық өнімге деген сұраныс азайды, бәсекеге қабілетті бола алмай қалдық, ішкі нарықта да аса тартымды емеспіз.

"Серік Елеуов: Жастарды сынға аямай салу керек" - Қазақ боксының тарихында айшықты із қалдырған былғары қолғап шеберлерінің бірі, Афины-2004 Олимпиадасының қола жүлдегері Серік Елеуов Ұлттық құрама командада бо-
лып жатқан өзгерістерді жіті қадағалап отырады. Бұл күнде бокс мектебінің басшысы болып қызмет ететін маманның пікірі бокссүйер қауым үшін қызықты болады деген ойдамыз.



13 наурыз 2017, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.