Атырау, 26 сәуір 21:44
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

ЮНИСЕФ: Сирияда қаза болған балалар саны артты

2 963 просмотра

Әуе шабуылынан қираған үйдің астында қалған балаларды құтқару жұмыстары. Идлиб, Сирия, 18 қаңтар 2017 жыл.
2016 жыл Сириядағы соғыс зардабын тартқан балалар үшін ең қиын жыл болды деп мәлімдеді БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ). 2016 жылы соғыстан сириялық 652 бала құрбан болып, миллиондаған бала босқынға айналған. "Сирия аумағында өткен жылы зорлық-зомбылықтың күрт артуына байланысты қаза тапқаны мен жараланғаны расталған және содырлар қатарына тартылған балалар саны көбейді" делінген ЮНИСЕФ таратқан баяндамада.

ЮНИСЕФ баяндамасын Сирияда президент Башар Асадқа қарсы наразылық толқулары азамат соғысына алты жыл толуына екі күн қалғанда жарияланып отыр.

Ұйым мәліметінше, Сирияда 2016 жылы соғыс салдарынан қаза тапқан балалар саны 2015 жылғы көрсеткіштен 20 пайызға көп. Ұйым баяндамасында кем дегенде 255 баланың мектеп ауласында немесе соған жақын аумақта қаза тапқаны айтылады.

БҰҰ мәліметі бойынша, Сириядағы алты жылдық соғыстан 300 мыңға тарта адам құрбан болған.

Дереккөз: Азаттық

13 наурыз 2017, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.