Атырау, 27 сәуір 09:35
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Атырау» командасы чемпионатты «жертөледен» бастайды

Бейнежазба
2 985 просмотра

«Атырау» футбол клубы футболдан өтетін ел чемпионатын 9 ұпайға кем бастайды. Бұл туралы бүгін, 1 наурызда Қазақстанның КФЛ (Кәсіпқой футбол лигасы) өз сайтында хабарлады.

Хабарламада FIFA Тәртіптік комитетінің шешіміне сәйкес, «Атырау» футбол клубынан ойыншы Джонатас Рикардо Соуза да КОСТАҒА берешегі үшін 3 ұпайын, ал «Атыраудың» бұрынғы бас бапкері Зоран ФИЛИПОВИЧКЕ қарызы үшін 6 ұпайын шегергені айтылады.  Бапкер мен ойыншының 2011-2012 жылдары командада болғаны жанкүйерлердің есінде.

Түсінік алу үшін біз «Атырау» ФК директоры Тимур НИҒЫМОВҚА хабарластық. Ол клубтың Филипповичке қатысты талаппен келіспейтіндігін хабарлады:

- Біздің оның алдында қарызымыз жоқ, мұны құжат түрінде растай аламыз. Бізге ақшалай қаржыны оның өзінің жеке төлем картасынан түсіріп алғаны белгілі. Сондықтан Лозаннадағы Халықаралық спорт арбитраж сотына апелляция жолдадық. Рикардо Соуза да Костаға қатысты – қазіргі кезде 11 млн 940 мың теңге мөлшеріндегі бережақты толықтай төлеу туралы мәселе шешілуде.

Т. Ниғымов сонымен қатар, қазір команданың Түркияда оқу-жаттығу жиындарында жүргенін хабарлады. Жаттығу матчтарында біздің футболшылар «Анжи» (Ресей), түріктің «СерикДикменспор» (11:0) және «Карабах» командаларынан басым түсті.

Марат ТАКУЛИН 

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

1 наурыз 2017, 19:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.