Атырау, 26 сәуір 16:01
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Екі сағаттың ішінде екі алтын, екі күміс, бір қола еншіледік

2 440 просмотра

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан Қысқы Азия ойындарында бүгін екі сағаттың ішінде қазақ спортшылары бес медаль жеңіп алды. Оның екеуі алтын, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Биатлоннан спринттен екі нысана көздеу айлағы бойынша 10 шақырымға жарысқан спортшылар арасында Ян Савицкий чемпион атанды. Күміс жүлде де біздің еншімізде. Оны Василий Подкорытов жеңіп алды. Қола жапониялық Микито Тачизакиға бұйырды.

1. Ян Савицкий (Қазақстан) – 26:59.2 (1+0) 2. Василий Подкорытов (Қазақстан) – +15.0 (1+1) 3. Микито Тачизаки (Жапония) – +20.2 (1+0) 8. Максим Браун (Қазақстан) – +1:10.1 (0+2) 9. Антон Пантов (Қазақстан) – +1:53.2 (2+2).

Тағы бір алтынға Галина Вишневская қол жеткізді. Екінші орынға қытайлық Ян Чжан тұрақтады. Үздік үштікті біздің Алина Райкова қорытындылады.

Биатлон. Әйелдер. Спринт. 7,5 шақырым. Екі нысана көздеу айлағы

1. Галина Вишневская (Қазақстан) – 20:32.6 (0+0) 2. Ян Чжан (Қытай) – +24.2 (0+0) 3. Алина Райкова (Қазақстан) – +50.6 (0+0) 4. Дарья Усанова (Қазақстан) – +54.7 (0+0) 5. Анна Кистанова (Қазақстан) – +1:32.2 (0+0).

Ал шаңғыдан бес шақырымдық классикалық жарыста Елена Коломина екінші келді. Сөйтіп, Азия ойындарындағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Шаңғы жарысы. Әйелдер. 5 шақырым. Классикалық стиль

1. Юки Кобаяши (Жапония) – 14:56.1 2. Елена Коломина (Қазақстан) – +6.7 3. Хун Сю Ли (Қытай) – +22.5 8. Ангелина Шурыга (Қазақстан) – +47.5 10. Анжелика Тарасова (Қазақстан) – +57.0 12. Дарья Ряжко (Қазақстан) – +1:02.4.

Дереккөз: Baq.kz

23 ақпан 2017, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.