Атырау, 27 сәуір 08:56
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Кремль украин депутатының "бейбіт жоспарын" жоққа шығарды

1 557 просмотра

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков
Кремль Украинаның ресейшіл депутаты Андрей Артеменко даярлап, Ақ үйге ұсынған Украина бойынша бейбіт жоспардан мүлдем хабарсыз екенін білдіріп, Қырым мәселесін реттеуге арналған құжатты «абсурд» деп атады.

Украинаның оппозицияшыл депутаты Андрей Артеменко ұсынды делінген жоспар алғаш рет New York Times газетінде жарияланды. Онда депутат Ресейді Украинаның шығысынан өз әскерін алып кетуге, Украинаны 2014 жылы Ресей аннексиялаған Қырымды 50 немесе 100 жылға жалға беру бойынша референдум өткізуге шақырады.

«Ресей қалайша өз аумағын өзі жалға алуы мүмкін? Бұлай ойлаудың өзі — абсурд» деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 20 ақпан күні өткен журналистермен сұхбатында.

«Минск келісімдеріне ешқандай балама құжат жоқ екені туралы ортақ түсіністік бар» деді ол әлі күнге бейбіт шешімін таппай келе жатқан 2015 жылғы құжатты меңзеп.

«Егер Украина мәселесі саяси-дипломатиялық шешімін табар болса, ол Минск келісімдерінің негізінде ғана іске асады» деді Песков.

РИА Новости агенттігінің хабарлауныша, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та Песковтың пікірін қайталаған. «Өз затыңды өзіңнен жалға алу - бұл мүмкін емес» деген Лавров.

The Times басылымы президент Дональд Трамптың адвокаты Майкл Коэн жоспарды Ақ үйдің өткен аптада отставкаға жіберілген бұрынғы ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Майкл Флинге өз қолымен бергенін мәлімдеді.

Дереккөз: Азаттық

21 ақпан 2017, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.