Атырау, 26 сәуір 21:28
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Бүркіт – айбынды құс

Сурет Бейнежазба
10 087 просмотра


Бүркітті жақыннан көргендер оның қаншалықты айбынды, сұсты құс екенін біледі. Ауыр тұмсықты, өткір, алмас секілді тырнақтары бар өте күшті қанатты жыртқыш құс. Құсбегілер сұңқартәрізділер отрядына жататын құстарды үйрету өте қиын екенін, бірақ үйретуге болатынын айтады. Мұның бәрін Атырау маңындағы Жаңаталап ауылында өткен «Қансонар» республикалық турнирінде көріп, түсінуге болады.

Қазақстанның бүкіл өңірінен үздік 30 бүркітші қатысты. Олардың төртеуі – Атырау облысының өкілдері. Ең жас аңшы 15 жасқа енді толған. Айта кету керек, соңғы рет мұндай шара біздің өңірімізде сонау 2008 жылы өткізілген болатын.


Ұйымдастырушылар бүркіттің – адам айтқысыз құс екенін әңгімеледі. Егер алаңдап, бағдарынан айырылар болса, басқа мәселе, өтіп бара жатқан адамды олжасы екен деп қабылдауы әбден мүмкін.  Сондықтан турнирге жиналған журналистер мен көрермендердің қауіпсіздігі мақсатында, оларды болып жатқан шарадан едәуір қашықтықта ұстады. 


Қатысушылар төрт дәрежеде сайысты. Бүркіттерін қояндарға, түлкілер мен қорқауларға жіберді. Қаршығалар көгершіндер аулау бойынша сайысты. Бәлкім, көрермендердің көзіне алғаш түскен нәрсе, өз тағдырларына мойынсұнып, қозғалмастан күтіп тұрған қара қояндарды аулау болған шығар. Мұндай оңай кезде де кейбір құстар мүлт кетіп, содан соң тобырдың күлкісімен, гуілімен ұзын құлақты ұлпа мақұлықтарды ебедейсіз қуып жетуге тырысты.


Түлкіні қуу анағұрлым қызықты көрінді. Жирен мақұлықты ұстау оңайға түспеді, кем дегенде бір-екеуі өткір тырнақтан құтылып, бұта арасында ғайып болды.

Түрі қажыған қорқауды (бастапқыда ол қасқыр деп айтылды) қуу онша тартымды болмады. Бүркіттің оны еш қиындықсыз ұстап алатыны түсінікті еді. Өйткені ол ұзын жіпке байланған әрі қатты ақсаңдап қашты. Журналистер неліктен басқа қасқырды жібермейді деп сұрағанда, ұйымдастырушылар оның жалғыз екенін, егер оны арқаннан босатып жіберсе, оның да қашып кетуі мүмкін екенін, сайыстың сонымен аяқталатынын айтты.

Турнирде жерлесіміз Нарын есімді бүркіті бар Арман ҚОШҚАРОВ жеңіске жетті. Күміс алқы көкшетаулық Бергенбай ТАСТАНБЕК пен оның Ақшеңгір деген лақап аты бүркітіне бұйырды. Үшінші орынды Қандыбала деген лақап аты бар бүркіті бар астаналық Руслан МАҒЗОМОВ еншіледі. Оқ секілді зымыраған қаршығалардың қожайындарына да жекелеген марапаттар табыс етілді. Турнирдің жалпы сыйлық қоры 600 мың теңгені құрады.




Марат ТАКУЛИН Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

20 ақпан 2017, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.