Атырау, 27 сәуір 02:01
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

"Бюджет триллиондары есебінен «сауықтыру»", "Жасарал Қуанышәлин: Билікке қандай кеңес беремін?", "Қазақстанда АЭС салынбайды!", "Дарын Мүбәров: Мүфтиятпен ақида мәселесінде келіспеймін", "Талибанмен келіссөз Орталық Азияға қалай әсер етпек?"

1 687 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Бюджет триллиондары есебінен «сауықтыру»" - Қазақстан билігі «банк жүйесін сауықтыруға» биылғы бюджеттен екі триллион теңге бөлмек. Бұл қазіргі айырбастау бағамы бойынша алты миллиард АҚШ долларына және республика бюджетіне түседі деп болжанған кірістің 40 пайызына тең. Мемлекет нақты қай банктерге және қандай шарттармен көмектесуді ұйғарғаны туралы сұрақтың тура жауабы жоқ.

"Әлемдік БАҚ Орталық Азияны теріс сипаттай ма?" - Әлемдік баспасөз құралдарынан Орталық Азия туралы жақсы пікір табу қиын. Ірі телеарналар мен газет-журналдар аймақ жайлы көп айтпайды.

"Талибанмен келіссөз Орталық Азияға қалай әсер етпек?" - Ауғанстандағы бітім үшін елдің кейбір аймақтарына бақылау орнатқан Талибан қозғалысымен келіссөз жайы талқыланған кезде Тәжікстан мен Ауғанстан бір-бірін айыптады. Ал тәліптермен келіссөздің бола қоятындығына сарапшылар күмәнмен қарайды.

ZHASALASH.KZ. "Тұрарды мансұқтағанды тоқтатуға тиiспiз" - Елiнiң Тәуелсiздiгi жолында басын бәйгеге тiккен Алаштың айбынды азаматтарының арасында Тұрар Рысқұловтың орны бөлек. Айтулы қоғам қайраткерi, бiлгiр экономист, ұлтжанды тарихшы, жалынды публицист Тұрар Рысқұлов – Қазақстанның ғана емес, бүкiл Орталық Азия мемлекеттерiнiң дәл бүгiнгi сипатта дамуына, саяси және экономикалық тәуелсiздiкке қол жеткiзуiне алғашқылардың бiрi болып негiз қалаған көрнектi қайраткер. Әлемдiк дәрежеде мойындалған осындай бiртуар тұлғаны бiз өзiмiз танып-бiле алдық па? Артында қалған мол рухани мұрасын зерттеп, зерделеп, лайықты бағасын беруге және белгiлi бiр қорытынды жасауға, тағылым алуға қаншалықты құлықтымыз?..

"“Ұйқылы ауылдың” ұнжырғасы түсiп тұр" - Ақмола облысындағы “Ұйқы дертiне” шалдыққан Калачи және Красногорск ауылының 80 отбасыдан тұратын 120 тұрғыны қауiпсiз аймақтарға әлi қоныс аудармаған. Олар өздерiн көшiру үшiн мемлекеттен бөлiнген қаражатты облыс әкiмi Сергей Кулагин басқа салаға жұмсағанын айтады.

365INFO.KZ. "Жасарал Қуанышәлин: Билікке қандай кеңес беремін?" - Студия қонағы – саясаттанушы, қоғам қайраткері Жасарал Қуанышәлин.

"Ауыл шопыры: «Бозымбаев, бензинге ақшаны сен бересің бе?»" - Халықаралық нарықта мұнай бағасы арзандаған кезде, Қазақстанда бензин қымбаттады, ал  одан соң, мұнай құны қайта көтерілгенде, ел „жағдай тұрақталады-ау„ деп үміттеніп еді. Ол бекер болды, бензин тағы да  қымбаттады.

ABAI.KZ. "Қазақстанда АЭС салынбайды!" - Күні кеше ғана Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев мырза АЭС төңірегінде әңгіме өрбіткен-тін. Вице-министр мырзаның сөздері БАҚ-та жарияланды, қызу талқыланды. Осыған байланысты «Abai.kz» ақпараттық порталы «Атомнан бас тартқан елге, АЭС неге керек?» атты мақала жариялады. Сайтымызда жарық көрген мақалаға қатысты ҚР Энергетика министрінің кеңесшісі Асқар Жалдинов мырза арнайы «Abai.kz» порталына сұхбат беріп, мәселенің жай-жапсарын түсіндіріп берді.

"Семейге - Алаш, Петропавлға - Қызылжар, Павлодарға - Баянауыл, Өскеменге - Әлихан есімі берілсе..." - Өткен кеңестік тарихтан Ұлттық-территориялық немесе буржуазиялық ұлтшылдар Автономиясы деген атауымен белгілі Алаш ұлттық-демократиялық республикасының биылғы 100 жылдығына орай үкімет қандай шараларды қолға алуы мүмкін? Алаш тарихын зерттеуші, Әлихантанушы ретінде көңіліңіз толмайтын тұстары бар ма? Астанада ескерткіш орнату мәселесі шешімін таба ма?

ҚАЗТАГ. "Слям Ахметов: Экономиканы жаңғыртудағы табыс Ұлттық қордың реттеушілік функциясы мен адам капиталының рөліне байланысты" - Қазақстан экономикасының шикізаттық тәуелділіктен кетуі ақыры орындалмай қалды. Сондықтан да президент соңғы жолдауында елдің шаруашылық жүйесін технологиялық жетілдіру қажеттігіне ерекше назар аударды. Бірақ ол үшін не істеу керек? Экономиканы жаңғыртуда Ұлттық қорға, үкімет пен халыққа қандай рөл жүктелуде? Осы және басқа да мәселелер туралы біз экономика ғылымдарының кандидаты Слям Ахметовтан айтып беруін сұраған едік. 

TURKYSTAN.KZ. "Құлдықтың киіп қамытын…" - Бүгінде жаһанның көлеңкелі нарығында есірткі мен қарудан кейінгі ең өтімді тауар – адам. Алғашқы қауымдық қоғам ыдырай бастаған кезеңде пайда болған құлдықтың тамырына балта шабу мүмкін болмай тұр. Керісінше, заман алмасып, ғасыр жаңарған сайын «құл иеленушілердің» қатары артып, адам саудасының географиясы ұлғайып бара жатқандай. Жыл сайын зерттеу жүргізетін Халықаралық Walk Free Foundation қорының соңғы дерегінше, әлемде 45,8 миллион адам құлдықта жүр екен. Бұл көрсеткіш 2014 жылғы индекске қарағанда он есе артқан. Өз еліміздегі есеп те кісі шошытарлық. Соңғы он жылда Қазақстанда 1,5 мың адам құлға айналған.

QAMSHY.KZ. "М. Тайжан: Қазақстандағы миллиондаған баланың қай тілде сабақ оқитынын Сағадиев пен Байбек шешпейді" - Алматы әкімі Бауыржан Байбектің бүгін халыққа есеп бергені туралы жазған едік. Әкімнің есебі біте сала Facebook әлеуметтік желісінде Жер комиссиясының мүшесі, қоғамдағы әлеуметтік-саяси мәселелерге белсенді пікір білдіретін Мұхтар Тайжан әкім сөзіндегі 2 мәселеге арнаулы тоқталып, өз ойын айтты.

"Дарын Мүбәров: Мүфтиятпен ақида мәселесінде келіспеймін" - Интернетте Дарын Мүбаровтың өзіне жала жабушыларға "берген жауабы" туралы видео тарады. Уағыздарына ҚМБД тарапынан тиым салынған діндар Дарын Мүбаров видеода мүфтиятпен келіспеушіліктерінің себебін түсіндірген.


20 ақпан 2017, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.