Атырау, 26 сәуір 19:02
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Әлеуметтік желіні тұншықтыру амалдары", "Бағлан Майлыбаевтың өрлеуі мен құлдырауы", "Жолдау жұмбағы – ЖАҢҒЫРУ 3.0", "2017 жылы Қазақстан экономикасын не күтіп тұр?»", "Тұңғышбайдың Елбасыға ашық хаты"

2 679 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Жолдау жұмбағы – ЖАҢҒЫРУ 3.0" - Бiздiң қазекең де қызық негiзi, әнеугүнi президент жолдауын жазбаша “жөнелткен” күннiң ертесi-ақ телефонымызға тыным бермеген. Көбiнiң қоятын сұрағы – “Бiз қашан жаңғырдық?”. Оқырманның осындай сауалдары “кiсi өлтiредi”. Кiмнiң қашан жаңғырғанына бiз неге жауапты болуымыз керек? Сондықтан жолдауды “тәптiштеп оқымағандары” үшiн шетiнен “ұрсып” жүрiп, әрең қойдырып едiк. Ендi тағы бiр сауал шықты. “Жаңғыруға жабысқан “3” пен “0” және олардың арасындағы “нүкте” ненi бiлдiредi?” дейдi жұрт.

"Ел пiкiрi ала-құла..." - Биыл 1-шiлдеден бастап елiмiзде мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн енгiзу ұйғарылғаны белгiлi. Ресми мәлiмдемеге сүйенсек, бұл денсаулық сақтау саласын мемлекет, жұмыс берушi және жеке азаматтар есебiнен қаржыландыруға мүмкiндiк бередi әрi бұл шараға қатысушылардың ортақ жауапкершiлiгiн арттырады деген үмiт бар. Дегенмен бұл шара ел тұрғындарының өмiрiн қаншалықты жеңiлдетедi? Жұртшылық қандай науқастар бойынша тегiн медициналық көмек ала алады? 

"Толғанай ҮМБЕТАЛИЕВА: ЖАҢА ТАРТЫС, ЖАҢА ТОЛҒАҚ" - 2004-2005 жылдардағы сайлау циклына ұқсас сайлаулар, әрине, Қазақстанда ендi жоқ. Керiсiнше, сайлау кампаниясы өзiнiң негiзгi мән-мағынасын жоғалтты. Ол бұрындары да талапқа жауап бермейтiн, десек те жұртшылықтың белгiлi бiр таңдауы болушы едi. Ол кезде үстемдiк етушi партия сияқты құбылыс та аса байқалмайтын.

AZATTYQ.ORG. "Әлеуметтік желіні тұншықтыру амалдары" - Amnesty International ұйымы Қазақстанда билікпен келіспейтінін білдіріп, сынаған өзгеше ойлайтын адамдарды қудалау қаупі күшейіп келеді деп ескертеді. Құқық қорғау ұйымы пост жариялап, комментарийлер жазғаны үшін қамауға алу оқиғаларын талдаған.

"Бағлан Майлыбаевтың өрлеуі мен құлдырауы" - Қазақстан президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаевтың тұтқындалуы қазіргі номенклатураға тән жолмен тез өрлеп келе жатқан жас шенеуніктің қызмет мансабын үзіп тастады.

"Сот жүйесіне наразы сібірліктер бірігіп жатыр" - Ойдан шығарылған қылмыс, адам күлерлік сот ісі, түрмедегі жан шошырлық жағдай. Ресейде қарапайым тұрғындардан құралған топ сот жүйесіндегі осындай әділетсіздіктерге қарсы күресіп жүр.

365INFO.KZ. "«Директор қуып шықпасын!». Мұғалім қыз жұмысының сансыз кемшіліктерін айтып салды" - Ұстаздық ету балаларға сабақ берумен шектелмейді екен. Бұл кісілердің бір басына қыруар жұмыс жүктеп қойыпты.

ABAI.KZ. "Қытайдағы қазақ жастары тәуелсіздікті сарғая күтті" - Республикалық "Жебеу" қайырымдылық қорының төрағасы Омаралы Әділбекұлымен әңгіме.

"Тұңғышбайдың Елбасыға ашық хаты" - Сізге осы хатты жазуымның мәнісін түсініп отырған боларсыз, мазаңызды алсам - ғафу етерсіз...  Өзіңіз хабардар шығарсыз, мен бір ыңғайсыз жағдайға тап болып отырмын. Мен продюссерлік ететін "Феникс" фильмін түсіруге дайындықтар кезінде, оны ұйымдастырушылар тарапынан бөлінген қаржының ысырап болып жатқаны жайлы тергеу ісі жүріп жатыр...

EGEMEN.KZ. "Уытқұмарлық ұрпағымызды уламасын" - Әріп­тесім өз мектебінде сынып же­тек­шісі еді. Күнделікті қызметі ке­зінде шәкірттерінің бірі­нің сабаққа құ­лықсыздығын, үне­мі шаршаңқы күй­де жүргенін бай­қап, зерттеу жү­р­­гізсе керек. Б­а­қылау барысында қоршаған ор­та факторы, отбасы фак­­т­оры, әлеуметтік фактор – бәрі де мансұқталып, көп ұзамай манағы оқу­­шының уытқұмарлыққа үйір бо­ла бас­тағанын анықтайды. Бай­ламы әб­ден бекиді. Баламен оңашада сы­пайылап сөйлескені, психологпен кеңескені нәтиже бермейді де, бол­ған жайды ата-анасына жұқалап жет­­кізеді.

"Қазақстанның транзиттік әлеуеті қандай?" - «Әлемнің логистикалық картасы» деген ұғымның қолданысқа енгеніне көп уақыт бола қойған жоқ. Бұл қазіргі уақыттың стратегиялық құжаты іспетті дүние. Өйткені, экономикалық интеграция дәуірінде ел мен ел, құрлық пен құрлық арасындағы тауар алмасу мен сауда-саттық байланыстарының маңызы артып отыр.

DALANEWS.KZ. "Универсиада: оның жетістігі мен мұрасы қандай?" - «Еуразия әлемі» пікірсайыс клубының кезекті отырысы «Универсиада жетістігі: спорт халықтарды біріктіреді» деген тақырыпқа арналды.

QAZAQUNI.KZ. "Тасмағамбетов – елші. Ел не дейді?!" - Алаш қозғалысының 100 жылдығын ардақтайық деп, Алашқа сауын айтқан саңлақ саясаткер, Үкімет басшысының орынбасарын бүгін сол Алаштың түбіне жеткен бірінші жауы, ұлықталуға тиіс ұлтшылдығымызға қарсы империя Ресейге елшілікке жер аудару біздің Тәуелсіздікке 25 жыл – ширек ғасыр болса да, Кремльге қарап оразамызды ашатынымызды білдіреді…

QAMSHY.KZ. "2017 жылы Қазақстан экономикасын не күтіп тұр?»" - Экономист Мақсат Халық ағымдағы жылы Қазақстанның экономикасының хал-ахуалына болжам жасап, қоғам көкейіндегі қымбатшылық, еңбек нарығы, ортақ экономикалық кеңістік және т.б өзекті сауалдарға жауап берді. Сарапшылар осыдан бір жыл бұрын Қазақстанның экономикасы 2017 жылы күрт төмендейді деп болжаған еді. Қаржылық дағдарыс осы жылы ерекше қатты сезіледі деп айтуға бола ма?


10 ақпан 2017, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.