Атырау, 26 сәуір 19:22
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Қытай келiп егiн ексе, тегiн екпейдi", "Көшім vs Cенатор. 26-бап туралы бұлардың қайсысы шындықты айтты?", "Үштаған: КЕШЕ және БҮГIН", "Еуроодақты енді не күтіп тұр?", "Үлкен террорға «бата берген» партиялық форумға 80 жыл"

1 982 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Қытай келiп егiн ексе, тегiн екпейдi" - Ресей басылымдары Қытай жылына 160 млн тонна бидай экспорттап, әлемдiк астық нарығын астаң-кестең етпекшi деп шулап жатыр. Қытай басылымдарына сiлтеме жасаған ресейлiктер Аспанасты елi Орталық Азияның аумағында астық дәлiзiн құруды, оның iшiнде Қазақстанның астық өндiрiсiнiң әлеуетiн пайдалануды көздеп отырғандарын жазады.

"Саяси тапсырыспен жасалған қастандық құпиясы қашан ашылады?" - Кеңестер одағы ыдырауынан кейiнгi Қазақстан мемлекетiнiң жиырма алты жылдық дербес тарихында бiрнеше қанды оқиғалар орын алды. Сыртқы жаулардың салған ойраны жоқ, асылдарымыздан, азаматтарымыздан айырған оқ атулар өз iшiмiзден шығып жатыр. “Алтынбекке атылған оқ – халыққа атылған оқ” деген сөз 2006 жылдың 11 ақпанынан кейiн айтылды. Қазақстан Республикасының тәуелсiз мемлекет болып қалыптасуына елеулi үлес қосқан қайраткердi – Алтынбек Сәрсенбайұлын қасындағы серiктерi Бауыржан Байбосынмен, Василий Журавлевпен бiрге мерт еткен жауыздардың артында кiм тұр? Әлi күнге олардың нақты аты-жөнi аталмады. 

"Үштаған: КЕШЕ және БҮГIН" - Алтынбек Сәрсенбайұлы 2005 жылы қарашада “Эпоха” және “Жас Алаш” газеттерiнде “Үштаған немесе Қазақстанда әдiл сайлау неге арман?” деген еңбегiн жариялаған едi. Ол қоғамдық – саяси өмiрде зор дүмпу туғызды. Саналарды селт еткiздi. Билiк пен оның тiректерi туралы ақиқатты ашық әрi айқын талдады. Бұл еңбек бүгiн де маңызын жойған жоқ. Қайта қажеттiлiкке айналды. Оқырмандардың сұрауы, тiлегi бойынша “Үштаған” газетiмiзде бұдан бұрын да басылды. Бүгiн де сол тақырыпқа қайта оралуға елiмiздегi жағдайлар себеп болды. Саясаткер Әмiржан Қосанов, журналист Гүлжан Ерғалиева, саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиева кешегi мен бүгiнгiнi байланыстырып өз ойларын ортаға салды. Қоғамда ойып алған орны бар танымал тұлғалардың пiкiрлерiн назарларыңызға ұсындық.

AZATTYQ.ORG. "«Жүлденің көбін кәсіби спортшылар қосқан Ресей мен Қазақстан алды»" - Алматыдағы қысқы универсиадаға Қазақстан мен Ресей негізінен кәсіби спортшыларын қосты. Ал Еуропа, АҚШ және Канададан келген спортшылар оқитын жерлерінде жаттығатындарын, медалі үшін мемлекет сыйақы төлемейтінін айтады.

"Кремльді сынаушыға кім у берді?" - Ресейдегі оппозиция белсендісі Кіші Владимир Кара-Мурза екі жыл ішінде екінші рет қатты ауырып, ауруханаға түсті. Әйелінің айтуынша, дәрігерлер оған бұл жолы да «белгісіз заттан уланған» деген диагноз қойған.

365INFO.KZ. "Көшім vs Cенатор. 26-бап туралы бұлардың қайсысы шындықты айтты?" - Дәл әзір 26 бап туралы айтайық. Осы баптың 1-ші тармағына енгізілгелі отырған «Әркім заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады» деген өзгеріске қатысты сарапшылар не деген екен? 

ABAI.KZ. "Қазақстан - демократия мен авторитаризм будандасқан ел" - Соңғы жылдары, әсіресе, социализм ыдырап, жаңа мемлекеттер пайда болған тұста мемлекеттердің басқару үлгілері туралы пікір-талас өрбіді. Президенттік, парламенттік, аралас басқару жүйелерінің жағымды, жағымсыз жақтарына аса назар аударылды. Бірқатар ғалымдар мемлекет басқару жүйелерінің әртүрлі әлеуметтік, саяси, тарихи жағдайға байланысты мазмұны өзгеретіндігіне назар аударады. Ойдағыдай мемлекет басқару жүйелерін табу қиын, тіпті мүмкін де емес.

"Үлкен террорға «бата берген» партиялық форумға 80 жыл" - «37» деген қанды цифрды совет заманында жұрт үреймен, оңашада ғана сыбырласып атасатын. Бұл жыл халқымыздың санасына тарихтың ең қасіретті беттерінің бірі ретінде шегеленіп жазылып қойылған еді. Бұл жылы мемлекеттік саясат дәрежесіне көтерілген жаппай террор өзінің шырқау шыңына шыққан-ды. Ал мемлекеттік саясатты ел билеуші партияның көсемдері  белгілеген болатын. Солардың жетекшілігімен және шебер ұйымдастыруымен өткен Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы Орталық   Комитетінің 1937 жылғы ақпан-наурыз Пленумы кеңестік қоғамды «бөтен пиғылдылардан» кең ауқымда тазарту жұмысын – халықтың басына қара бұлт үйірген науқанды бастауға «батасын» берді.

EGEMEN.KZ.  "Cөздің сынын бұзбайық" - Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәле­мі болсын) бір хадисінде: «Мұсыл­ман­ның ниеті жасаған ісінен қайыр­лы» – деген екен. Балаға ат қоюдан да қазақ­тың таза ниеті анық көрінеді. Ислам діні­нің қазақ даласына тарауына бай­ланысты араб сөздері біздің тіл қол­данысымызға кеңінен ене бас­тады. Бұрынғы Тәңірберген мен Қ­ұдайбергенге Алдаберген (Алла берген), Аллажар деген атаулар қо­сылды. Алланың тоқсан тоғыз есімінің ішіндегі Рахман, Рақым секілді аттар бағзы замандардан күні бү­гінге дейін жиі қойылып келеді. Жа­ра­­тушының әдемі есімдері ара­сынан Әзіз, Мәжит, Рәшит (Рашид) сияқты есімдер де сә­би­лерге жиі қойылған.

"Еуроодақты енді не күтіп тұр?" - Еуропа одағының ендігі тағдыры Германиядағы сай­­л­ау мен ЕО-АҚШ әріп­­тес­тігіне қатысты Трамп­­тың саясатына бай­ла­ныс­ты болайын деп тұр.

9 ақпан 2017, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.