Атырау, 27 сәуір 06:32
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

"Үндеу және ескi сүрлеу", "Елбасының Жолдауы енді неге жазбаша бола қалды? Мамандар пікірі", "Алу. Қосу. Бөлу", "Freedom House есебі: Қазақстан – "еркін емес" мемлекет", "ҰБТ тапсыру түлектің еркінде"

2 002 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Үндеу және ескi сүрлеу" - Әбден құлақсiңдi болған “Жолдауды қолдау” дейтiн бiр тiркес бар. Бұл әдетте президенттiң жолдауынан кейiн жаппай ауызға iлiгедi. Мемлекетiк басылым беттерiндегi таңдану мен тамсанудан тұратын пiкiрлер осындай айдардың аясында жұртқа жария болады. Бiр қызығы, бiзге үндеуге үйлесе кететiндей тартымды сөз табылмай тұр. Сондықтан да болар, мемлекет басшысының үндеуiне үн қосу науқаны бiр ұранның ауқымына ұйыса алмай, шашырап шығып жатыр. Дегенмен бәрiнiң айтпағы – “табылған ақыл”, “дер кезiнде көтерiлген мәселе” дегенге саяды. Мұны үндеуге ұйыту, көптi сендiру, ертеңгi күннен үмiттендiру десеңiз, артық емес. Мiне, сол себептен де бiз үндеу мен одан кейiнгi жаппай үн қосуларды “ескi сүрлеудiң” жоралғасына жатқызуға мәжбүрмiз.

"Алу. Қосу. Бөлу" - Үкiметтiк құрылымдағы өзгерiстердi билiкке жақын жүретiн сарапшылар басқарудың тиiмдiлiгiн арттыруды көздейтiн, уақыт талабын ескере отырып, дер кезiнде қолға алынған шара есебiнде дәрiптей бастады. Бiздiңше, бұл көк тиын пайда әпермейтiн, кезектi көбiкауыз науқан. Дәл қазiргi жағдайда Қазақстанға жаңа министрлiктердiң құрылғанынан келетiн пайда кем. Керiсiнше, “қайта құрылымдаған” сайын, “мемлекеттiк институттарды оңтайландырып”, “тиiмдiлiгiн арттыруды көздеген” сайын үкiметтiң жұмысы қожырап, шенеунiктер қатары көбейе бередi. Ал бiзге бар жұмысы құжаттарды бiр бөлiмнен екiншi бөлiмге аударумен шектелетiн шенеунiктен гөрi, бiлiктi мұғалiм, дәрiгер, инженер, темiр ұстасы сияқты жаңа мамандар керек. “А” корпусы мен “В” корпусындағы ақ жағалылардан бұрын нақты қызмет көрсетiп, экономикалық өнiм өндiретiн, жаңа буынның бiлiмi мен денсаулығына, елдiң инновациялық және технологиялық серпiлiс жасауына жауапты адам капиталы ғана елдi өрге бастырады. 

"Әншiлердiң әләулайына айналды" - Ақпараттық қауiпсiздiк туралы аз айтылып жатқан жоқ. Бiрақ оны барлық ресейлiк телеарналарды өшiрiп тастаумен ғана қамтамасыз ету мүмкiн емес. Ол үшiн, ең алдымен, сапалы контент, қызықты бағдарламалар жасайтын телеарналар қажет.Интернеттiң ықпалы артып келе жатқанымен, халықтың басым көпшiлiгi әлi де ақпаратты негiзiнен телеарналардан бiледi. Алдағы қысқа уақыттың iшiнде телеарналардың қоғамдық пiкiрге әсер етуге мүмкiндiгi орасан болып қала бермек. Тiптi АҚШ-тың өзiнде де солай. 2016 жылғы президент сайлауының жалпы бюджетi – 6 миллиард долларды құрады бұл елде. Соның 4 миллиарды – телеарналардағы жарнамаға жұмсалыпты.

AZATTYQ.ORG. "Freedom House есебі: Қазақстан – "еркін емес" мемлекет" - Freedom House халықаралық құқық қорғаушы ұйымы «Әлемдегі еркіндік-2017» есебін жариялады. Қазақстан бұл құжатта «еркін емес» мемлекет ретінде аталады.

"Қыдырәлі Болмановтың карикатура дауы" - Қазақстандық әнші, экс-шенеунік Қыдырәлі Болманов даулы карикатура авторымен кездеспеуді ұйғарды. Өзін кінәсіз санайтын суретші кешірім сұрамайтынын айтады.

365INFO.KZ. "Елбасының Жолдауы енді неге жазбаша бола қалды? Мамандар пікірі" - Жолдауды халыққа жеткізу тәртібінің кенеттен өзгеруіне елде болып жатқан кадрлық аласапыран әсер етті.

"«Өзбек тәуірлеу». Жапондар қазаққа сенбей ме?" - Биыл өзі «Қазақия» мен Жапонияның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл толыпты. Бірақ осы бір елмен рухани, экономикалық байланысымыз онша емес. Неге?

ABAI.KZ. "Ердоған кімді сатты?" - Сауд Арабиясының, Дубайдың және басқа да Араб елдерінің белгілі саяси тұлғалары Түркия Жұмхриеті президенті Тайып Ердоғанды мұсылман елдері мүддесін сатып кеткен, табанының бүрі жоқ бір пендеге теңеуде. Олар Ердоғанның о баста Сирия президенті Асадқа қарсы шығып, ондағы оппозицияны қолдағанын, кейін оның Путинмен, Нетаньяхумен жақындасып, Асадты қолдап, ондағы оппозицияны сатып кетті деп ашық айыптауда.

EGEMEN.KZ. "ҰБТ тапсыру түлектің еркінде" - Он бес жылдан бері мектеп түлектерінің білімін бағалап келген Ұлттық бірыңғай тестілеуге өткен жылы өзгерістер енгізілгені белгілі. Сол өзгеріс биыл қалай жүзеге асатынын білу мақсатында «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК-ның директоры, заң ғылымдарының докторы Рамазан ӘЛІМҚҰЛОВҚА бірнеше сұрақ қойған едік.

QAMSHY.KZ. "ШҚО балалар үйіндегі сұмдықтың беті ашылды" - "Қамшы" порталы еліміздегі қазақ тілді ақпараттық сайттардың көшбасшы ғана емес, қарапайым қазақтың жоғын жоқтаушы, мұңын шағушы бірден-бір басылым. Көмек сұрап, "соңғы үмітім сіздер" деп редакция атына жолданған хаттарды портал бетіне жарияламаған кезіміз болған емес. Әр қазақ менің жалғызым деген ұранды ұстанған "Қамшының" қоржынына жанайқайға толы тағы бір хат келіп түсті. Оны да оқырман назарына ұсынуды жөн санадық. Ескере кетер бір жайт, портал еркін пікір алаңы болғандықтан екінші тараптың да түсіндірмесін жариялауға дайын екендігі.

QAZAQUNI.KZ. "Назарбаев: Қазақ тілінің басымдығы сақталады" - Мемлекет басшысы Н. Назарбаев бүгін өзінің жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Қазақстанның алдағы даму бағытын бірнеше басымдыққа бөле отырып, Елбасы қоғамдағы ең өзекті мәселе – үш тұғырлы тіл саясатының жүзеге асырылуына да ерекше тоқтап өтті. Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту.

DALANEWS.KZ. "На казахском разговаривай в своей Монголии" - Махаббат Кәмесханұлы деген қандасымыздың Фейсбук парақшасындағы жазбасын жариялауды жөн деп таптық. 


31 қаңтар 2017, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.