Атырау, 27 сәуір 07:11
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Біздің жұмысымыз қиын...»

2 835 просмотра

Кәкім ШАЛТАНОВ.

Бүгінде жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін алу кезегіне 80 127 адам тіркелген. Соның ішінде 56 669-ы Атырау тұрғыны мен 23 458-і – қала маңындағы ауылдық округтердің тұрғындары. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Кәкім ШАЛТАНОВ хабарлады.

Сонымен қатар, оның айтуынша, таяу уақытта Бас жоспарға сәйкес, жыл сайын Атырау қаласының ауылдық округтерінен 3 мың жер телімін бөлу қарастырылып отыр. Өткен жылы 1999-2003 жылдары берілген 654 өтініш қанағаттандырылды. Есептеп қарасақ, кейбір кезекте тұрушыларға жер телімін бірнеше ондаған жыл күтуге тура келеді екен. 2017 жылы инженерлік коммуникациялар жүргізілген «Зарослый», «Талғайраң», «Жаңаталап» ауандарынан 2092 жер телімін бөлу жоспарланып отыр. Жер 1999-2003 жылдары өтініш бергендерге беріледі. Бұл мерзімді шамамен биылғы жылдың наурызында «жабу» жоспарланып отыр. Содан кейін 2004 жылы өтініш бергендердің кезегі келеді.

- Тағы бір проблема, өтініш берген кей адамдарды таба алмай отырмыз. Ол жылдары ұялы телефондар әр адамда болмады. Өтініштерде үй телефонының нөмірі мен мекенжайлар көрсетілді. Кейбір өтініш берушілер жаңа мекенжайларға көшіп кеткен. БАҚ-тарға бізге хабарласу туралы әлденеше рет хабарландырулар бердік, - деді К. Шалтанов.

Жер бөлімі өтініште көрсетілген мекенжайлар бойынша хабарламалар жолдап, бір ай күтеді. Егер ешкім хабарласпаса, кезек әрі қарай «аттап» өтеді. Бірақ ол адам жер алу құқығын жоғалтпайды, ол хабарласқан кезде жер телімі бөлінуі тиіс. Осыған байланысты «Интегро кешенді ақпараттық жүйелер» ЖШС кезекке тұрушылардың бірыңғай тізімін жүйелеу және автоматтандыру жұмыстарын жүргізеді. Электронды базаны енгізу тізімді түбегейлі түгендеуге мүмкіндік береді. Бөлім қызметкерлерінің пікірінше, кезек қысқартылуы мүмкін, өйткені тізімде өтінішті жыл сайын беретіндер, жер алғандар, бірақ, фамилиялары әлдебір себептермен тізімде жүргендер, қайтыс болған адамдар баршылық.

Қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Руслан ДӘУЛЕТОВТІҢ айтуынша, бұл жүйе электронды үкіметпен біріктірілген. Сондықтан, азаматтар жер телімінің берілуіне бақылау жасап, өз кезектерінің жылжуын қадағалай алады. Жүйені жыл аяғына дейін енгізу жоспарланып отыр.  

«АЖ» брифингте қала тұрғындарының қалалық жер қатынастары бөлімінің қызмет көрсету сапасының төмендігіне жиі шағымданатынын айтты. Мысалы, қызметкерлер өтініш берушінің бірнеше жыл бұрын берген құжаттарын таба алмайды. Келушілер басын ашып алуға кіріседі: сол кезде олардан құжат қабылдап алған қызметкердің енді ол жерде жұмыс жасамайтыны анықталады. Бұл жағдайда бөлімде қызметкерлердің тапшылығын, кадрлардың жұмыста тұрақтамайтындығына қынжылыс белдіреді.

- Мұндай жағдайлар болып тұрады, - деді Шалтанов. – Қағаздар көлемі ауқымды, айтып өткенімдей, 80 мыңнан астам өтініш бар. Қызметкерлер қажетті құжаттарды бірден таба қоймайды. Адамдар жетіспейді. Штат бойынша бізде 10 адам болуы тиіс, бүгінде 9 адам жұмыс жасайды, заңгердің орны тұр. Біздің жұмысымыз қиын, даулы сәттер жиі туындайды...

Жыл басынан бері сауда павильондары мен орынжайлар салу үшін телімдер шығарылған үш бәссауда өткізілді. Саттыққа 97 телім қойылды, жалпы сомасы 38 миллион 394 мың теңгеге 85 телім сатылды. Қалған телімдерді қайтадан шығару жоспарланып отыр.

2003-2016 жылдары мақсатын өзгертуге және телімдерді біріктіруге 101 өтініш түсті. Далалық тексеру жұмыстарынан кейін бұл өтініштер қанағаттандырылды. Осы кезеңде қаланың және ауылдық округтердің әкімдеріне жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер телімін бөлу өтінішімен 7 мыңнан астам адам жүгінген. Алайда, қаланың Бас жоспарымен мақұлданған дайын құрылыс жоспарының жоқ болуына байланысты, бұл өтініштерді қанағаттандыру мүмкін болмай отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

25 қаңтар 2017, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.