Атырау, 27 сәуір 08:22
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

"Астана процесі: Сирия мәселесін шешу мүмкін бе?", "Биліктің "өкілет бөлісуі" нені білдіреді?", "Тәуелсіздік жылдарында 2.5 миллион қазақ жастары ана тілін білмей өсті", "Мұхтар Тайжан: Билік азаматтық қоғамның көзі ашық өкілдеріне қарсы шықпауы керек"

2 079 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Сирия келіссөздері жайлы Мәулен Әшімбаевпен сұхбат" - Астанада қаңтардың 23-і және 24-і күндері Сирия келіссөздері өтеді. Сириядағы соғыстан жүздеген мың адам қаза тауып, 11 миллион адам босып кетті. Азаттық бірнеше мемлекет басшылары мен Сириядағы қақтығысушы тараптар қатысатын келіссөздің жай-жапсары жөнінде Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасы Мәулен Әшімбаевтан сұхбат алды.

"Биліктің "өкілет бөлісуі" нені білдіреді?" - Азаттықтың "Еркін сөз" хабарында саясаттанушы Әзімбай Ғали мен ЖСДП жастар қанатының жетекшісі Тазабек Сәмбетбай жуырда жарияланған "қайта өкілет бөлісудің" астарына үңілді.

365INFO.KZ. "Ақышев пен Жақсыбеков Айсұлтанмен соттаса ма, қызметімен қоштаса ма?" - Айсұлтан Назарбаевтың Facebook-тегі даулы пікірінде аты аталған шенділер қайтпек енді? Не Айсұлтанның сөздерін жоққа шығаруды талап етуі керек, не өздері қызметінен кетуі керек.

ZHASALASH.KZ. "Зiкiрия Жандарбек, дiнтанушы ғалым: ҰЛТТЫ САТУ БIР ӘРIПТI САТУДАН БАСТАЛАДЫ" - Бүгiнде Қазақстанның дiни әлемi түрлi ағымдарға жiктелiп кеткен. Бұл ұлт үшiн өте қауiптi. Керек десеңiз, елдiң есiн алған экстремизмнiң де бiр ұшы осы дiни адасушылыққа барып тiреледi. Ал Дiн деген не? Дiндi мәдениеттен бөлiп қарастыруға бола ма, әлде ол ұлттық таным-түйсiктiң ажырамас бiр бөлшегi ме? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын оқырман төмендегi сұхбаттан табады ғой деген ойдамыз. Бұл – белгiлi дiнтанушы ғалым Зiкiрия Жандарбектiң “Есi дұрыс адам “Аллах" деп айтқызумен руханиятты көгертем деп ойлай ма?" атты тақырыппен әлеуметтiк желiде жарияланған көлемдi сұхбатынан ықшамдалып алынды. Ғалымның барлық пайымы редакция пiкiрiмен сәйкес келе бермеуi мүмкiн екенiн ескерте отырып, бұл тақырыпта тың ой, қайшы пiкiр айтам деушiлерге де газет бетiнен орын беретiнiмiздi ескертемiз.

ABAI.KZ. "Тәуелсіздік жылдарында 2.5 миллион қазақ жастары ана тілін білмей өсті" - «Бала тәрбиесі, сәби дүниеге келерден жүз жыл бұрын басталады» дейді ағылшын мақалы. Тәрбиенің негізі сол ұлттың тілі, тарихы, дәстүрі, моралі... мәдениетінде. Он ұрпақтан кейінгілердің не көретінін болжай аласыз ба деген сұраққа шығыс даналығы: “Ұрпақтан – ұрпаққа, әкеден – балаға не қалып жатқанын дәл білсек, оныншы емес, жүзінші ұрпаққа да не қалатынын болжап білу қиын емес" деген. Жалпы, тәрбие жоғарыдағы екі ұстанымға негізделген.

"Мирзияев өзбектен озық ұлт шығара ма?" - Өзбегім-өз ағам дейді қазақ. Өзбекстанда көптеген проблемалар күн тәртібінде тұр: Бірінші, валюталық коллапс. Өзбектің төл ақшасы құр қағаз болып кетті, ал доллар - шырқады. Өзбекстан шет елдерден озық технологиялар сатып ала алмайды, қымбат. Капитал қашып жатыр. Бай өзбектердің біразы Батыс елдеріне Кәрімов отбасының озбырлығынан қашса, енді Кәрімовке жақын адамдар да Мирзияевтың министрлері мен әкімдерінен қашпақ және қашып жатыр. Өзбек қазынасында тиісті резерв жоқтың қасы.

QAMSHY.KZ. "Мұхтар Тайжан: Билік азаматтық қоғамның көзі ашық өкілдеріне қарсы шықпауы керек" - "Атыраудағы сотқа барлық қазақстандықтың көңілі ауды" деген тақырыппен қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан өзінің Facebook парақшасына "заңсыз митинг ұйымдастырды" деп айыпталған Мақсат Боқаев пен Талғат Аянды түрмеден босатуға шықырған жазбасы шықты.

AIKYN.KZ. "АҚШ президенттерінің инаугурациясы қалай өтеді?" - Ендеше бірнеше уақыттан кейін бүкіл әлемнің назары АҚШ-та өтетін Дональд Трамптың инаугурациясына ауады.

"Астана процесі: Сирия мәселесін шешу мүмкін бе?" - 23 қаңтарда Астанада өтетін Сирия мәселесін реттеу жөніндегі кездесуге дайындық қызу жүріп жатыр. «Астана процесі» деп аталған келіссөздерге Сирияның ресми билік өкілдері мен зайырлы оппозиция өкілдері қатыспақ ниетте. Халықаралық ұйымдарға келсек, БҰҰ делегациясын Бас хатшының арнайы өкілі Рамзи Иззеддин Рамзи басқарып келеді деген ақпарат бар. Ал қарулы оппозициядан шыққан Ахрар аш-Шам тобы Сирия келіссөздеріне қатысудан бас тартқанын растады. Шетелдік БАҚ-қа сенсек, келіссөздерге қатысатын басқа қарулы топтар гуманитарлық көмек, соғысты тоқтату және тұтқындарды босату мәселелерін талқыламақ. Астана процесінен әлем елдері мен қазақстандық сарапшылар не күтіп отыр? Бұл жайлы отандық саясаттанушылар «Айқын» газетіне пікір берген еді.

EGEMEN.KZ. "Астана келіссөздерінен Араб елдері не күтеді?" - Астанада Сирия бойынша келіссөздер 23 қаңтарда өтеді деп белгіленген. Дүние жүзіне танымал бұқаралық ақпарат құралдарында Астананың аты жиі аталып, Қазақстан Президентінің ұйытқы болуымен, Ресей, АҚШ, Түркия және Иранның қолдауымен бас қаламызда Сирия үкіметі мен оппозиция өкілдері арасында өтетін келіссөздердің нәтижелерін халықаралық қоғамдастық тағатсыздана күтуде. Сирия соңғы бес-алты жылда әртүрлі күштердің геосаяси текетірес алаңына, аймақтағы тұрақсыздық пен терроризмнің басты таралу ошағына айналуы бекер емес.

20 қаңтар 2017, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.