Атырау, 27 сәуір 03:16
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Баспана кезегі қалай жылжуда?

3 629 просмотра

Бүгінде ТКШ тұрғын үй секторында пәтер алу кезегінде 17 694 адам тұр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Серікбай ҚАЗИЕВ хабарлады.

Олар 888 жетім бала, «әлеуметтік осал топ» санатындағы 5 680 отбасы, 10 910 мемлекеттік қызметкер, бюджет мекемелерінің қызметкерлері, әскери қызметшілер және жалғыз баспаналары апатты деп танылған 216 қала тұрғыны.

Өткен жылы «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» «Тұрғындардың барлық санатына арналған» бағыты бойынша Нұрсая ықшамауданында 11 үй берілді: №87, 88, 90, 93, 94, 95, 102, 103, 104, 105, 106. Барлығы 600 пәтер тапсырылды, оның 269-ын кезекке тіркелген отбасылар алған.

Қалған пәтерлерді осы банктің салымшылары несиеге алған. «Жас отбасы» бағыты бойынша Нұрсаяда 45 пәтерлік №91 үй берілді. Кезекте тұрған тағы 150 отбасы мемлекеттен № 85, 86, 107 үйлерден пәтер үй алды. Желтоқсанда Нұрсаяда №14а, 60, 65 үйлер тапсырылды – кезекке тұрғандар арасында 420 пәтер бөлінді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

13 қаңтар 2017, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.