Атырау, 27 сәуір 04:26
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

100 мың теңге пара беріп, 1 миллион теңге айыппұл арқалады

3 090 просмотра

Атырау қалалық №2 соты «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК облыстық филиалы Исатай аудандық бөлімшесінің басшысын пара берді деп айыптап, үкім шығарды.

Сот материалдарына сәйкес, облыстық филиал директоры оны қамқорлыққа алатынын айтып, одан 1 000 доллар ақша талап еткен. Алайда, мұндай ақша көлемін бірден тауып бере алмайтынын түсінген бөлім басшысы департамент директорына әзірге 100 мың теңге бере алатынын айтады. Директор келіседі. Ақша үшінші тұлға арқылы берілген.

- Сотталушы ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-тармағымен («Пара алу») кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызмет саласында лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, оған 1 млн теңге айыппұл жазасы тағайындалды, - дейді Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Лаура АСАНОВА. -

Естеріңізге салсақ, облыстық филиал директорына осыдан бір ай бұрын бірнеше рет пара алғаны үшін, оның ішінде осы эпизод та бар, 5 млн 250 мың теңге көлемінде айыппұл жазасы кесілді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 желтоқсан 2016, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.