Атырау, 27 сәуір 02:28
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Исекешев Астана теміржол вокзалының маңындағы заңсыз такси жүргізушілермен күресті бастады

2 220 просмотра

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорданың теміржол вокзалының маңындағы жағдайды тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Теміржол вокзалы мен «Сапаржай» басшылары әкімге мәлім еткендей, вокзал маңындағы ақылы автотұрақ жүйесі әуежай маңындағы атвотұрақ сияқты жұмыс істейді. Бұл жерде де бастапқы 20 минуты тегін болса, кейін әр сағаты үші 200 теңге алынады. Тегін орындар аккредитациядан өткен такси жүргізушілеріне ғана беріледі. Ал, «Сапаржай» автовокзалымен ынтымақтастыққа келмеген такси жүргізушілеріне тегін орындар берілмейді. Бұл такси жүргізушілері көбіне Астана-Павлодар, Астана -Қарағанды, Астана-Көкшетау бағыттарында жолаушы тасымалдап келеді. Егер олар аккредитациядан өтпесе, басқа автокөлік иелері сияқты ақша төлейтін болады.

Сондай-ақ, қала басшысы Әсет Исекешев мүгедектерге арналған орындарды дайындауды тапсырды.

«Бұл жерді ретке келтіру үшін қанша уақыт керек?» деген әкімнің сұрағына жауапты адамдар 10 қаңтарға дейін жолаушылар легі көп болатынын, сондықтан, өзгерістерді мерекелерден кейін енгізу керектігін айтты. Бірақ, халыққа түсіндіру жұмыстары қазірден басталады. «10 қаңтарға дейін паркинг де, мүгедектерге арналған орын да, таксилер де реттелетін болсын,-деп тапсырды қала басшысы.

Айта кетейік, Астана тұрғындары мен қонақтары теміржол вокзалының маңында келіп-кетушілер үшін көлік қоятын орын жоқ екенін және вокзалдан шыққан кезде, таксилер жол бермейтінін айтып, әкімге шағым түсірген болатын.

Дереккөз: Іnform.kz


21 желтоқсан 2016, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.