Атырау, 27 сәуір 04:26
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Бейбарыстың» қарашадағы қарбаласы

2 747 просмотра

"Бейбарыс" ХК ойыншысы Томаш Вак

Өткен қараша айы «Бейбарыс» ХК үшін барынша маңызды оқиғаларға толы болды. Біз өткен айдағы ойын қорытындысын команданың баспасөз-аташесі Павел САМОЙЛОДАН айтып беруін өтіндік.

- Әрине, «Бейбарыс» үшін басты оқиға бұл Континентальды кубоктің суперфиналына шығуы болды. Бұған бұрын тек бір ғана қазақстандық команда «Ертіс» қол жеткізетін. Суперфинал 13-15 қаңтарда Италияда «Бейбарыс», «Ноттингем» (Англия), «Оденсе Бульдогс» (Дания) және «Риттен Спорт» (Италия) командаларының қатысуымен өтеді. Бұл жарыстағы жеңіс келесі маусымда Хоккей чемпиондар лигасына қатысуға құқық береді, ал бұл КХЛ кем түспейтін өте маңызды деңгей.

«Бейбарыс» Континенталь кубогіне тұрақты өтетін ел чемпионаттарынан қол үзбестен қатысып отырды. Сондықтан да командада өте қауырт кесте болды. Шаршағандары сезілгенмен, жігіттер лайықты ойнады. Бізде қатарынан 13 жеңіс болды, тек бір ғана «Ертіспен» болған екі ойынның бірінде ғана жеңіліс болды.

Жеке ойыншылар туралы айтатын болсақ, команданың екі қорғаушысынан бастаймын: команда капитаны Денис МАКАРОВ және Роман СМИРНОВ. Олар алаңда ойын уақытының көп бөлігін өткізді. Макаровта қарашада 309 ауысым болды, мұз айдынына ол 32 рет шықты. Смирновта 290 ауысым және ол алаңға 23 рет шықты. Шайбаны ойынға қосу барысындағы ойында чехиялық легионер Томаш ВАК (суретте)үздік болды: 69 жеңіліске159 ұтыс қарсы болды. Максим ШАРИФЬЯНОВ (+99 -48) және Павел ПЛОТНИКОВТЫҢ (+83 -48) көрсеткіштері де жаман болған жоқ.

Команданың шабуылшылар тізімін Элиэзер ЩЕРБАТОВ бастап тұр. «Гол + пас» жүйесі бойынша 26 ұпай (10+16) болды, бұл чемпионаттағы төртінші көрсеткіш. Константин БАРАНОВТА 24 ұпай (16+8), үшінші болып тұрған Т. Вак - 19 ұпай (3+16).

Шабуылшы Михаил ПАНЬШИН «Теміртаумен» болған екінші матчта ауыр жарақат – білезігін сындырып алды, ай жарым уақыт ойыннан шығып қалды. Желтоқсандағы өзімізде «Алматы» командасымен болған ойындарда жарақаттарынан жазылған Илья МАЛЮШКИН мен Андрей ОГОРОДНИКОВ қатарға қосылды. Қарашадағы матчтардан соң біздің команда екінші орынға көтерілді, ал жоғалтқан ұпайлары бойынша қазіргі көшбасшы «Арлан» командасын қуып жету мүмкіндігі бар.

- Турнирлік кесте бойынша биылғы маусымда бұл команда тағы да біздің басты қарсыласымыз сияқты?

- Төрелік айту қиын, «Арланнан» басқа да мықты қарсыластар жетерлік. Айталық, «Номад».

Еске сала кетейік, Жоғары лига командалары арасындағы 2016-2017 жылдардың маусымына арналған хоккейден Қазақстан чемпионаты 6 қыркүйектен басталды және ол 2017 жылдың сәуір айына дейін жалғасады.

Жазып алған Тамара СУХОМЛИНОВА

8 желтоқсан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.