Атырау, 27 сәуір 03:45
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Асад күштері Алеппоның тағы бірнеше ауданын қайтарып алды

1 745 просмотра

Сирия үкімет әскері мен оны қолдайтын күштер Алеппоның шығысындағы көтерілісшілер бақылайтын тағы бес ауданды басып алды,- деп хабарлады Азаттық.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымының хабарлауынша, үкімет күштері қазір Алеппоның шығысындағы бұрын көтерілісшілер иелігінде болған территорияның 70 пайызына бақылау жасайды.

Ұйым үкімет күштері көтерілісшілер бақылауындағы территориясына жақын әл-Шаар ауданын басып алғанын, көтерілісшілер үкімет әскерімен "жан алысып, жан беріскен соғыста" титықтап қалғанын айтады.

Ресей қорғаныс министрлігі де Сирия үкімет күштері Алеппоның тағы бес ауданын басып алғанын, осымен көтерілісшілерден қайтарып алған аудан саны 35-ке жететінін мәлімдеді.

Дереккөз: Азаттық

7 желтоқсан 2016, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.