Атырау, 27 сәуір 01:30
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

"Атырау белсендiлерiне шығарылған үкiм: биліктің қателігі неде?", "Ұлттық компаниялар коррупцияның ошағына айналды", "Әлемді әрқилы үміттендірген Мирзияев", "Өзбекстан. Авторитарлық билік өзгере қоймайды...", "Айтыста неге ақиқатты айтуға болмайды?"

1 783 просмотра

AZATTYQ.ORG. Әкімдер таласқан» айтыстың бас жүлдесі дауға ұласты" - «Алтын домбыра» алған айтыскерге кей көрерменнің көңілі толмады. Ал жеңімпаз өзге ақындардың бұл айтысқа «шаршаңқы келгендерін» айтады.

"Министр Абаев қазақстандық BBC туралы армандайды" - Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев парламентке келгенде депутаттардың көбі қазақстандық телеарналарды «көру мүмкін емесіне» және журналистік зерттеулер жоқ екеніне шағымданды. Баспасөзді қорғаушылар БАҚ-қа қатысты заңның бұрынғысынан да күшейгенін айтады.

"Әлемді әрқилы үміттендірген Мирзияев" - Батыс Еуропа елдері Шавкат Мирзияевтен енді реформалар күтетіндерін, сайлауды "әділетсіз өтті" деп санайтындарын білдіріп үлгерді. Ал постсоветтік елдердің басшылары Өзбекстанның жаңа президентін жаппай құттықтап жатыр.

ZHASALASH.KZ. "Ескi бақталастарды жеңген жаңа президент" - Ш.Мирзияевтың таққа мiнетiнi И.Каримовтың көзi жұмыла сала-ақ аңдалып қалған. Өйткенi өлмейтiндей көрiнген өзбек басшысының оқыс қазасынан кейiн ел тiзгiнi Сенат төрағасының емес, үкiмет басшысының қолына тиген едi. Ал сайлау мерзiмi белгiленiп, үмiткерлер анықталғанда, президенттiк тақтың Мирзиявке бұйырарына ешкiмнiң күмәнi қалмады. Себебi бұл сайлаудфың өткен жылғы сайлаудан бәлендей айыр­машылығы жоқ. Бақталастардың денi – Ташкенттiң “тұра шабарлары". Нақтырақ айтсақ, биыл додаға қосылған төртеудiң екеуi 2015 жылы өткен президенттiк сайлауда Каримовтың “көпiрден өтуiне" атсалысқан “үмiткерлер".

"Атырау белсендiлерiне шығарылған үкiм: биліктің қателігі неде?" - Әлдеқайда көп зияны тиетiн жағымпаздар мен дайын асқа тiк қасықтардан сақтанудың орнына, билiк ашық түрде қарсы шығушыларды жау көредi. Биыл­ғы жыл қоғамда үлкен реакция тудырған қайшылықты сот шешiмдерi жөнiнен рекордтық жылдардың бiрi болуы мүм­кiн. Сол рекордтардың қатарында – қоғамдық белсен­дiлер Макс Боқаев пен Талғат Аянның үстiнен қозғалған сот процесi де бар.

"«Қазiргi жастар дәл бiз қалағандай»" - Тұңғыш президент күнi Н.Назарбаев Астанадағы Тәуелсiздiк сарайында жастармен кездестi. Екi жылда бiр рет ұйымдастырылатын республикалық жастар форумына жиналған 1000-ға тарта жасты президент алдымен “ел тарихына қазақстандықтардың бiрлiгiнiң ұлы белгiсiндей енген" тұңғыш президент күнiмен құттықтады. Және бiраз ақылын айтты.

365INFO.KZ. "Айтыста неге ақиқатты айтуға болмайды?" - Алатау бөктерінде жыл сайын өтетін «Алтын домбыра» айтысына биыл еліміздің әр түкпірінен 20 ақын келді.

"Шавкат-әкә таққа отырды. Енді қазақ-өзбек қалай болар екен?" - Өзбек елінде Ислам Кәрімов дәуірі аяқталып, Шавкат Мирзиёев заманы туды. Сайлауда 88,61 пайыз дауыспен Мирзиёев жеңіске жетті.

ABAI.KZ. "Өзбекстан. Авторитарлық билік өзгере қоймайды..." - Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы соңғы мәліметтерді жариялап, Мирзияевке тұрғындардың 88 пайыздан астамы дауыс бергенін мәлімдеді.

"Саргсян Қазақстанды ЕАЭО-дан шығарып тастауды ұсынды" - Армения Президенті Серж Саргсян Қазақстан мен Белоруссияны ЕАЭО мен ҰҚКҰ-дан шығарып тастауды ұсынды.

KORRESPONDENT.KZ. "Ұлттық компаниялар коррупцияның ошағына айналды" - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі квазимемлекеттік сектордағы соңғы уақытта тым жиілеп кеткен сыбайлас жемқорлық фактілеріне алаңдай бастады. Сараптау нәтижелері аталмыш саладағы коррупциялық құқықбұзушылықтардың өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өскенін көрсетіп отыр (143-тен 202-ге дейін). Әсіресе, мемлекеттік сатып алу мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда ел қазынасына қасақана қол сұғу, өз қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану, парақорлық сықылды заңға қайшы әрекеттер өршіп тұр.

"Сыртқы қарыз үшін кім жауапты?" - Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы кісі қызығарлықтай емес. Әсіресе, сыртқы қарыздардың өсуі мемлекетті тығырыққа тіреп отыр. 2010-2015 жылдарда сыртқы қарыз 35,2 млрд. долларға өсіп, биыл оның көлемі 154 млрд. долларға жетті. Жалпы, сыртқы қарызға келгенде, мамандардың пікірі әрқилы. Біреулер оның қалыпты құбылыс екенін, барлық елдің қарызы шаш-етектен болатынын айтса, енді біреулер оны экономикаға, тұрақты дамуға төнген қауіп санайды.

QAMSHY.KZ. "«Алтын домбыра» жайлы алты пікір" - 3-4 желтоқсанда Алматыда «Алтын домбыра» кезекті аламан айтысы өтті. Қатарынан 5 жыл бойы өткізіліп келе жатқан бәсекеде Мұхтар Ниязов екінші рет «Алтын домбыраны» иеленіп, 3 миллион және Алматы әкімі тағайындаған 2 миллион, жиыны 5 миллион ақшалай жүлдеге ие болды.

"Бекболат не дейді, ел не дейді?" - Prosocialmedia.info сайтының жазуынша Солтүстік Корея, Иран, Қытай, Вьетнам, Пәкістан, Түркия сынды елдерде бірқатар әлеуметтік желілердің жұмысына шектеу қойылған. Техникалық, құқықтық тетіктер арқылы шектеу қойылғанына қарамастан аталған елдердің халқы әлемдік желіден шет қалды, ғаламтордың мүмкіндіктеріне қол жеткізе алмай отыр деуге келмейді. Шектеуді айналып өтіп, әлеуметтік желіні еркін пайдаланудың жолын тапқандар да бар. Бірақ, бұдан біздің билік әлі сабақ алмаған сияқты. Кеше басқа емес, демократия алаңы болуы тиіс Парламент төрінен әлемнің 1,71 миллиардтан астам халқы қолданып отырған Фейсбук желісін ауыздықтау туралы ұсыныс айтылды. Соған қарағанда кезіндегі Қазақстанның премьерінен бастап, түрлі министрлері, орталық билік органдарының жаппай әлеуметтік желіден парақша ашып, елмен тығыp байланыс орнатамыз дегені де жай боп қалған сияқты.


6 желтоқсан 2016, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.