Атырау, 26 сәуір 18:39
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Тас жолдағы апат: екі адам көз жұмды

3 624 просмотра

«Атырау-Индер» тас жолының 89-шы шақырымында соңы кісі өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы орын алды.

Атырау қаласына бағыт алған 24 жастағы жүргізуші «Киа Рио» автокөлігінің басқару жүйесіне ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан «Лада Гранта» автокөлігіне соқтығысып қалды.

ЖКО салдарынан «Киа Рио» автокөлігінде болған жолаушылар – 20 жастағы жігіт пен 69 жастағы ер адам оқиға орнында қаза болды. Ал «Лада Гранта» жолаушысы - әйел адам ауыр дене жарақатымен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Махамбет ауданы прокурорының орынбасары Жасталап УРАКОВ хабарлағандай, ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағы («Көлiк құралын басқаратын адамның абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеті») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүруде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

6 желтоқсан 2016, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.