Атырау, 6 мамыр 16:35
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Қос батырды не үшiн соттады?", "«Адам саудасы құрбандары азаймай тұр»", "Рақымшылық билікке ұпай әпере ала ма?", "Қазақстан азаматтығына қабылдау мәселелері қалай шешілмек?"

1 979 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Қос батырды не үшiн соттады?" - Қазақ жерiн шетелдiктерге жалға беруге қарсылық танытып, алаңға шыққаны үшiн айыпты болған Макс Боқаев пен Талғат Аянды сот 5 жылға бас бостандығынан айырды. Демек митинг кезiнде бел­сен­дiлердi билiк орындарының қуғындамауына уәде еткен Нұрлан Ноғаевтың сөзi ғана емес, жердi қорғау үшiн алаңға шыққан азаматтарға Нұрсұлтан Назарбаевтың танытқан “разылығы" да терiске шықты деген сөз. Билiктiң түпкi ниетi қос батырды қайдағы бiр Төлешов iсiмен байланыс­тырғанда-ақ сезiлген. Қорытындысында белсендiлерге 5 жыл түрмеде отыру жазасы мен 250 АЕК айыппұл төлеу мiн­деттелдi.

"Айдаһардың лебi" - Егер бұл жаңалықты (бәлкiм, жамандықты?) Қы­тайдың ақпарат көз­дерi хабарламаса, бiз тiптi ха­барсыз қалғандай екен­бiз. Сонымен, не дейдi Қытайдың ақпарат көздерi? Қытайда кино түсiрумен айналысатын төрт iрi мемле­кеттiк компания бар. Соның бiрi – “Батыс Қытай фильм" компаниясы. Осы компанияның бас менеджерi Жу Вентаудың хабарлауынша, бiздiң “Қазақфильм" мен “Батыс Қытай фильм" компаниясы серiктес­тiк туралы меморандумға қол қойыпты. Ендi бұлар бiрлескен жоба бойынша бiраз шаруа атқармақ. Сол шаруаның бiс­мiлләсiн “Махаббат өткелдерi" деген фильм түсiруден бас­тау­ды жөн көрiптi.

AZATTYQ.ORG. "«Адам саудасы құрбандары азаймай тұр»" - Қоғамдық ұйым өкілдері Оңтүстік Қазақстан облысында адам саудасы құрбандары азаймай отырғанын айтады. Азаттық тілшісі тілдескен жәбірленушілер сөзінен қылмыскерлердің тәсілі әртүрлі болатыны байқалды. Полиция «жәбірленушілердің көбі шағым түсіруге қорқатынын» мәлімдеді.

"Демократияның демо-нұсқасы" - Желтоқсанның 1-і Қазақстанда Тұңғыш президент күні. Мұндай мереке АҚШ-та да бар. Бірақ онда ауқымды түрде атап өтпейді. Қазақстанда бұл күн жеке басқа табынуды еске түсіреді.

"Отставкаға кетуге көмек сұраған президент" - Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе жемқорлық дауынан соң парламенттен отставкаға кетуін рәсімдеуді өтінді. Ол бір-ақ ай бұрын президенттік мерзімін ұзартуды қолға алған еді.

365INFO.KZ. "Рақымшылық билікке ұпай әпере ала ма?" - Елбасы рақымшылық жасау туралы ұсынысты ортаға тастады. Бұл жаңалықты әлеуметтің басым бөлігі қуана қабылдады.

"Неге солай? Оралмандар — «қашқындар» ма?" - Кей бауырларымыз оралман дегенде – «қашқындар», «сатқындар» деп шыға келеді. Неге солай?

ABAI.KZ. "Қазақтың бүгінгі санасына өзгеріс керек" - Соңғы уақытта сана туралы көп ойланып жүрміз. Нақтырақ айтсақ, бүгінгі санамыздың деңгейі мен болашақта оның қандай болмағы керегі жөнінде. Яғни санамыздың өзгерісі туралы. Ал, бүгінгі санамызға өзгеріс керек-ақ. Біреуді таңқалдырып, мақтану үшін емес, өзіміз үшін, ертеңіміз үшін.

KORRESPONDENT.KZ. "Шәмшабану ХАМЗАҚЫЗЫ, ақын, ағартушы: «Қытай үкіметі бізді «шеттің шегесі» деп, бақылауда ұстады»" - Ата-бабамның түп-төркіні, кіндік кесіп, кірін жуған атамекені – аты әлемге әйгілі Семей. Самты, Самтырбай, Қасымбай деген арғы аталарымыз сол Семей өңірінен кезінде Шәуешекке барған екен. Самтының қыстауы, Барлықтың күнгейі – Қарашағылда (Шағантоғай елінің малы қыстайды). Қазақстанмен шекаралас. Атамыз Жарқынбайдың Ойжайлау, Балажайлау, Маңдайша, Қазықты жайлаулары да Қазақстан шекарасымен шектесіп жатады. Байырғы заманда қойы қоралас, ауылы аралас болған ел ғой. Шекараны екіге бөлді де, бірі – Қытайға, бірі орысқа бодан болып шыға келмеді ме?! Қазір, Құдайға шүкір, Қазақстан деген еңсесін тіктеген, тәуелсіз еліміз бар...

"Қазақстан азаматтығына қабылдау мәселелері қалай шешілмек?" - «ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті», деп хабарлайды «Baq.kz». Отырыста Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығу мәселелері қарастырылды.



30 қараша 2016, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.