Атырау, 6 мамыр 16:33
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Клинтон әлде Трамп: Қазақстанға кім жеңгені тиімді?", "Қайыр хан қамалған күн...", "Қазақты Ленин осылай қырған…", "Александр Усов: Сот сараптамасына жалған мамандарды жібермеу керек"

2 050 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Қайыр хан қамалған күн..." - “Тұңғышбай Жаман­құлов қамауға алынды" деген хабар қазақтың құлағына “Қайыр хан қамалды" дегендей болып естiлдi. Өйткенi талантты актер осы рөлi арқылы Мемле­кет­тiк сыйлыққа ие бол­ған. Жалғыз Қайыр хан емес, Т.Жаманқұлов театр және кино өнерiнде Абылай хан, Әбiлхайыр, Құнанбай т.б. сынды қазақтың бiртуар тұлғаларын сомдады. Сондықтан шығар, оның қамауға алынуына қатысты хабарды қарапа­йым халық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң өкiл­дерi қолын артына қайырып, Абылай ханды айдап бара жатқандай, Құнанбайдың қолына кiсен сал­ғандай қабылдағаны анық.

"Ығайлар мен сығайлар жайғасқанұлттық компания құрдымға кетiп барады" - Өткен аптада елдегi ең iрi ұлттық компанияның бiрi – “ҚазМұнайГаз" төңi­ре­гiн­де екi бiрдей елең етер­лiк жаңалық болды. Алдымен бiрқатар ақпарат құ­ралдарында “Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясының бас­қарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың 30 бiр­дей орынбасары туралы ақпарат тарады.

"Эльнара Шоразова Венада сауық-сайран салып жүр" - Malta Today жаңалықтар порталы Мэттью Вэллдiң “Мальтада Рахат Әли­евтiң драмасы әлi күнге дейiн жүрiп жатыр" (Rakhat ALIYEV drama still playing out in Malta) деген мақаласын жариялады.

AZATTYQ.ORG. "АҚШ президенті сайлауы: негізгі кандидаттардың өмірбаяны" - АҚШ-тағы сайлау қарашаның 8-і өтеді. Мақалада сайлауға Демократиялық партиядан түсіп жатқан Хиллари Клинтон мен республикашыл кандидат Дональд Трамптың және екі партияның вице-президенттікке ұсынған тұлғалары мен басқа партиялар үміткерлерінің өмірбаяндары берілген.

"Клинтон әлде Трамп: Қазақстанға кім жеңгені тиімді?" - Қарашаның 8-і күні АҚШ-та президент сайлауы өтеді. Осы сайлау қорытындысы бойынша АҚШ президенті Хиллари Клинтон немесе Дональд Трамп болады.

"Қытайда сотталған қазақ қызын елге әкелуге үмітті" - Қытай соты "есірткі тасымақ болды" деген айыппен өмірлік түрме жазасына кесілген 22 жастағы қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісін қайта қарап жатыр.

KORRESPONDENT.KZ. "Бақытты өмір сүру үшін тағы бір 25 жыл керек" - Сонымен, еліміз жылдың ең басты мерекесі – Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлауға қамданып жатыр. Әдетте осындай атаулы даталардың қарсаңында жүріп өткен жолымызға бір қарап, «Не істедік? Не тындырдық?» деп қорытынды жасап, жетістіктеріміз бен сәтсіздіктерімізді ой елегінен өткізетініміз бар. Ширек ғасырдағы атқарылған тірліктер қаншалықты халықтың үмітін ақтап, арманына бір табан жақындатты? Мақтануға тұратын тұстарымыз қайсы, көңілімізді қалдырғаны ше?

ABAI.KZ. "Ертеңің қалай болмақ, қазақ баспасөзі?" - Бүгін Abai.kz ақпараттық порталының электронды почтасына Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтің ел аймақтарындағы қазақ тілінде шығатын облыстық газеттерді «Егемен Қазақстанға», орыс тілінде жарық көретін облыстық басылымдарды «Казахстанская Правдаға» қосып басқару жөніндегі бастамасына қатысты мақала келіп түсті. Материал Андрей Колодий атты азаматтың атынан жіберіліпті. Соған қарағанда облыстағы әріптестеріміз "қаламатпен" болса да өз ойларын білдіріп қалмаққа талпынып отырған болса керек. Жалпы, бұл мақала Абаев бастамасына әр аймақтағы әріптестеріміздің алаңдап отырғанын аңғартқандай. Сондықтан да, министр мырза алаң көңілді тілшілерге лайықты жауабын берер деген ниетпен мақаланы оқырман назарына ұсынуды жөн санадық.

"Төлешев ісі. "үлкен сот сол кезде... болады" - «Шымкенттің салқын сырасын» сапырып пайда тауып жүрген кәсіпкер Тоқтар Төлешов 21 жылға бас бостандығынан айрылды. Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық əскери соты Төлешовтың «төтенше іс-әрекеттеріне» байланысты оған әлгіндей жаза кесті. Осы арада айта кетейік, Төлешовтың төтенше іс-әрекетттерін тырнақшаға алып отыруымызда бір гәп бар. Гәп мынада: биылғы жылдың басында, яғни, қаңтар айында қамауға алынған Төлешов көктемде, көкек айында басталып, мамыр айында аяқталған Жер реформасына қатысты толқуларды тергеу абақтысында отырып алып қаржыландырған көрінеді.

"Елбасының күншығыс еліне сапары жайында жапон басылымдары не жазды?" - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға іс-сапармен барғаны туралы жапон бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялануда. «NHK» телерадио корпорациясы «Орта Азияда орналасқан Қазақстан республикасының басшысы Н.Назарбаев қарашаның 6 күні Жапонияға келді» деп хабарлады. Кеңес кезіндегі ядролық сынақ салдарынан әлі де көптеген азаматтардың денсаулық зардабын тартып жатқанын айта келе, «Қазақстан Президенті қарашаның 6 мен 9 аралығында Жапонияда болып, императормен және премьер-министр Абэ Шиндзоумен кездеседі. Бұл кездесулерде екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы пікір алмасады. Сондай-ақ Парламентте баяндама жасайды» дейді.

HALYKNEWS.KZ. "Қазақты Ленин осылай қырған…" - 1921 жылы 7 қазанда Ленин Арал балықшыларына жедел хат жолдаған болатын. Осы тарихи хатта пролетариаттың көсемі: « Арал теңізінің балықшыларына, жұмысшы жолдастарға! Халық комиссарлары Кеңесінің шақыруы. 7 қазан. 1921 ж. Қымбатты жолдастар! Сіздерге бүкіл Поволжьенің және Приуральенің бір бөлігін аса зор бақытсыздық –бұрын-соңды болып көрмеген аштық жайлағаны туралы хабар, әрине, жеткен шығар. Миллондаған адам, еңбекші шаруалар мен жұмысшылар, миллондаған мал қырылайын деп тұр және қырыла бастады. Арал теңізінде балық аулаудың жайы жаман емес. Аулаған балықтарыңыздың бір бөлігін аштықтан ісініп кеткен 8 миллон күйзелген еңбеккерге, бәрінен бұрын қырылып кетуі мүмкін 7 миллон балаға беріңіздер!»...

"Әлихан Бөкейхан: «Тізе қосып отырған 5 миллион қазақ»" - Алаш – этноним ғана емес, ұлттық сая­си-рухани серпілу атауы. Оның қалып­тасуы мен дамуында, Ә.Бөкейхан қадір­леген Нарманбет ақын айтқандай, «елдің миы мен жүрегі» бар. 1907-1917 жылдар аралығында пат­ша­л­ық Ресей қазақ жерiн отарлау сая­сатын одан әрi жүргiздi. Халықтың жа­най­­­қайы, Қарқаралыдан, Лепсiден, тағы басқа алаш жерiнен патшаға 1905 жылы жiберiлген петициялар шаң қауып жатты. Петербор газет-журналдарында 1906-1910 жылдары жарияланған Әлихан Бөкейхан, Мұхаметжан Тынышбайұлы мақалалары, қырым татарларының «Тәржiман», татардың «Дiн уа магишат», «Ихтисад», «Шора», «Уақыт», «Жұлдыз», т.б. басылымдарындағы материал­дар әдiлетсiздiктi әшкерелегенiмен, басқару аппараты оларды қаперiне де алмады. Орынборда шығатын «Уақыт» газетi «Бiздiң 8-12 жасар балаларымызды орыс школдарына апаруды мiндеттесе, мектебiмiз өзiнен-өзi құрдымға кетедi. …Бiз өз мүддемiздi қорғауымыз қажет, әйтпесе келешегiмiз аянышты болмақ. Бiзге ана тiлi, төл мектеп, өз дiнiмiз керек. Ұлтымыз осылай деп жар салуы қажет», – деп жазды.

ҚАЗТАГ. "Александр Усов: Сот сараптамасына жалған мамандарды жібермеу керек" - Сот сараптамашыларының біліктілігін бағалау үшін ТМД елдерінде халықаралық талаптарға сай келетін бірыңғай стандарттар енгізу керек. Ол осы мамандық пен сот процестеріне біліктілігі мен білімі жетіспейтін және ғылыми-сымақ әдістерді қолданатын жалған сарапшыларды жібермеуге мүмкіндік береді, деп сенеді РФ әділет министрлігінің жанындағы «Ресей федералдық сот сараптамасының орталығы» бюджеттік Федералдық мекемесінің директор орынбасары Александр Усов.

TURKYSTAN.KZ. "Мектептерде ақша жинау «дәстүрі» жалғаса бере ме?" - Жаңа оқу жылының басталғанына екі ай. Аз уақыттың ішінде кейбір білім ұяларында ақша жинау науқаны қыза бастады. Әдеттегідей қазан айының алғашқы жексенбісінде ұстаздар мерекесін атап өту, мектеп қорына ақша жинау мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Түспейді де.



8 қараша 2016, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.