Атырау, 27 сәуір 04:44
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қала маңындағы ауылдарға асфальт пен жарық керек

3 647 просмотра

3 қарашада қалалық мәслихаттың кезектен тыс VII сессиясы өтті. Атырау қаласының биылғы жылғы бюджетіндегі өзгерістер туралы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Рулана ДОСҚАЛИЕВА баяндама жасады.

АСПАЛЫ ӨТКЕЛДЕР КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫ

Жалпы сомасы 363 млн 369 мың теңге болатын «жаяу жүргіншілерге арналған 4 аспалы өткел құрылысы» жобасын жүзеге асыруды келер жылға қалдыру ұсынылды. Өткелдерді Тайманов даңғылымен қиылыстағы Сәтпаев даңғылының бойына, Дина Нұрпейісова атындағы музыка академиясы маңындағы Сәтпаев даңғылының бойына, мемлекеттік кірістер департаменті маңындағы Азаттық даңғылы бойына, «Светлана» автобус аялдамасы маңындағы Махамбет көшесінің бойына салу жоспарланды.

- Осы лот бойынша мемлекеттік сатып алулар конкурсы үш рет жарияланды, ықтимал жеткізушілерден түскен өтінімдердің жоқтығына байланысты әр мәрте сайын өткізілмеді деп танылды. Осы нысандарға жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) 2014 жылы әзірленді, содан бері қарай металл бағасы едәуір көтерілді. Осыған байланысты жобалау-сметалық құжаттаманы түзету қажет болады, - деп түсіндіреді Р.Досқалиева.

Рулана ДОСҚАЛИЕВА

Теміржол вокзалының маңынан аспалы жаяу жүргінші өткелін салу келесі жылға қалдырылды. Бұдан 63 млн теңге босады:

- Осы жоба бойынша мердігер сот шешімімен алақол деп танылды. Бұдан басқа, жаңа конкурс өткізбес бұрын жобалау-сметалық құжаттаманы түзету керек.

Сонымен қатар, басқа бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алулар нәтижелері бойынша үнемделген 505 млн теңге мөлшеріндегі соманы қысқарту ұсынылды.

Исатай мен Махамбет және Құрманғазы алаңдарын қайта жарақтау бойынша ЖСҚ әзірлеуге 1 млн теңге; жағалауды абаттандыру бойынша ЖСҚ – 1 млн теңге; шұңқырлы жолдарды ағымдық жөндеуге қосымша – 93 млн теңге; көлік жолдарын күрделі жөндеуге қосымша - 3 млрд 250,5 млн теңге; теміржол вокзалының ар жағынан Береке ықшамауданының құрылысын бастау – 4 млн теңге; спорт алаңдары құрылысын бастауға – 4 млн теңге; Атырау қаласының толық жоспары жобасын түзетуді бастауға – 3 млн теңге; Нұрсая ықшамауданындағы 900 орындық мектеп пен Самал ықшамауданындағы 624 орындық мектеп құрылысы бойынша ЖСҚ жалғастыру – 2 млн теңге; 20 балабақша мен 8 мектеп құрылысы бойынша ЖСҚ әзірлеу – 28 млн теңге қаржы бөлу ұсынылды.

- 2015 жылдың 1 сәуірінен бастап жергілікті өзін басқаруды дамыту мақсатында салықтың 6 түрі бойынша түсімдер тікелей ауыл округтері әкімдіктерінің есепшоттарына түседі. Олар жергілікті тұрғындардың мақұлдауымен бөлінеді. Бүгінде көрсетілген салықтар түсімін есептеу үшін 9 ауылдық округке қазынашылық департаменті мен қалалық қаржы бөлімінің бірыңғай жүйесіне қосылған «Парус Каз» ақпараттық жүйесін алу қажеттілігі туындады. Ол үшін 2,6 млн теңге бөлу қажет, - деп баяндамасын аяқтады Р.Досқалиева.

ЕРКІНҚАЛАДАҒЫ ЖАҒДАЙ ҚАЛАЙ

Содан соң жасалған жұмыстар туралы Еркінқала ауылдық округінің әкімі Ерғали ТАПАНОВ баяндама жасады. Оның айтуынша, округте жұмыстар өрлеуде. Мал шаруашылығы мен бақша шаруашылығы дамуда. Округте 120 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Бұл көрініс биыл 111 сиырдан анықталған (13 сиыр өлді) «нодулярлы дерматит» бұзған. Өлген жануарлардың қожайындарына өтемақы төленуде.

- 2014-2016 жылдары еркінқалалықтардың өмірінде жағымды өзгерістер орын алды. Ал бұған дейін біздің округке қалалық билік тарапынан аз көңіл бөлінді, - деді Тапанов. – 2014 жылы дәрігерлік амбулатория салынды, 2015 жылы мектепте күрделі жөндеу жүргізілді, 2016 жылы балабақша құрылысы басталды. Жақында жаңа Мәдениет үйінің құрылысы басталды. «Аджип» қаржысына Ракуша ауылынан 300 орындық мектеп салынады.

Ерғали ТАПАНОВ

2015 жылы округте 8 көше, 2016 жылы Еркінқала ауылында 7 көше, Балауса ауылында 12 көше, Ракуша ауылында 2 көше асфальтталды.

- Округімізде 130 көше бар, оның тек 35-іне асфальт төселген. Бұл біздің үлкен проблемаларымыздың бірі. Асфальттауға 95 көше өз кезегін күтіп тұр. Еркінқала-2 ықшамауданында 45 көшеде 2 мыңдай учаске бар. Бүкіл коммуникациялар жүргізілген, тек жолдар ғана жоқ. Біз бұл мәселе келесі жылы шешіледі деп үміттенеміз.

Жедел шешуді қажет ететін шешімнің бірі деп Тапанов округті Жайық өзені мен Каспий теңізі жақтан су басудан қорғайтын 27 километрлік бөгетке қатысты ахуалды атады:

- Округ бөгетке күрделі жөндеу жүргізілгенше оны өз балансына қабылдамайды.

Сонымен қатар, ол қалалық әкімдіктен Жұмыскер мен Еркінқала аралығындағы 6 шақырымдық учаскеге шам жарығын жүргізуді өтінді. Оның айтуынша, бұл жерде әсіресе, жолдың дренаж каналымен қиылысқан жерінде автокөлік апаттары көп орын алды.

Тапанов қала әкімінің орынбасары Ж.Қарағаевқа келер жылдың жоспарына Балауса ықшамауданынан мектеп салуды енгізу өтінішін айтты. Өйткені, 624 оқушыға арналған Еркінқала мектебінде оқушылар саны 2 есеге көбейген.

- Мен біздің музыка мектебін жекешелендіретінін білдім. Бұған жол беруге болмайды. Мектепті бюджеттік қаржыландыруға қалдыру керек, - деп сөзін аяқтады Е.Тапанов.

Тапановтың баяндамасына комментарий берген Атырау қаласы әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ келер жылы облыс орталығынан жол салу үшін ЖСҚ әзірлеуге жалпы сомасы 24 млрд теңге қаржы бөлінгенін хабарлады. Ал депутат Бағыт ШЕРКЕШБАЕВА Тапановтың тұрақты комиссиядағы алдын ала баяндамасынан кейін облыстық қаржы басқармасына депутаттық сұраныс жолдағанын айтты. Ондағылар Еркінқаладағы музыка мектебі бюджеттік қаржыландыруға қалады деп растаған.

Жұмабай ҚАРАҒАЕВ

АЛҒАБАСҚА АСФАЛЬТ САЛЫНСЫН

Кеңөзек ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Үміт ЕСЕНҒАЛИЕВА өз баяндамасында ауыл тұрғындарының проблемалық мәселелерін санамалап шықты.

- Біздің округте 4 поселке бар. Алғабас ауылы (қазір ол Тасқала-1 деп аталады) 1926 жылы, Тасқала-2 ауылы 2005 жылы, Тасқала-3 – 2009 жылы, Тасқала-4 – 2011 жылы салынды. Округте бір мектеп жұмыс жасап тұр, онда оқитын оқушылар саны нормадан екі есе асып кеткен. Балабақшадағы балалар санының нормадан асу себебі – ондағы бөлмелерге өз кеңселері жоқ округ әкімдігі мен жергілікті байланыс торабы орналасқан. Біздегі жолдар да асфальттауды қажет етеді. Тасқала-1 ауылында салынғанына 90 жыл болған 5 көше бар және оларда ешқашан асфальт болмаған. Тағы бір проблема – Тасқала-2 ауылында электр желісінде кернеу жетіспейді. Бұл жерге шұғыл арада екі трансформатор орнату керек. Адамдар шаммен отыр...

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор
4 қараша 2016, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.