Атырау, 27 сәуір 06:17
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Алматыдағы банк маңындағы тонау әрекеті видеобақылау камерасына түсіп қалды

Бейнежазба
2 380 просмотра


Tengrinews.kz редакциясының қолына Алматыда банк бөлімшесінің маңындағы тонаудың эксклюзивті кадрлары түсіпті. Видеоға Тирирязев көшесінде қақтығысып қалған төрт ер адам түсіп қалған.

Олардың екеуі қарсыластарынан сөмкеге ұқсас затты тартып алуға тырысып жатыр және қара курткадағы ер адам тапаншаға ұқсас затты ұстап тұрғаны байқалады. Соңында шабуыл жасаушы екі адам көліктің алдымен жүгіріп өтеді.

Еске салайық, осыған дейін Тимирязев пен Марков көшелерінің қиылысында орналасқан "Алатау Гранд" бизнес орталығының маңында атыстың болғаны хабарланған болатын. Куәгерлердің айтуынша, атыс түскі уақытта болған. Банк бөлімшесінің күзетшісі бизнес орталықтың алдында атыс болғанын хабарлаған. Күзетшінің айтуынша, атыстан банк клиенті зардап шекті.

Дереккөз: Tengrinews.kz

2 қараша 2016, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.