Атырау, 26 сәуір 23:52
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Балабақшадағы жемқорлық

4 097 просмотра

Атырау қаласының №2 соты ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-тармағы бойынша қалалық білім бөлімінің бас маманы мен балабақша басшысына қатысты үкім шығарды («Айтарлықтай мөлшерде пара алу»).

Сот осы жылдың тамызында қала тұрғыны бір жасар сәбиін балабақшаға орналастыру туралы мәселемен №32 балабақша басшысының қабылдауында болғанын анықтады. Балабақша басшысы оған балабақшаға екі жастан бастап қабылдайтынын, оның үстіне бұл мәселені қалалық білім бөлімі шешетінін түсіндіреді. Және оның қалалық білім бөлімінде осы мәселені 70 мың теңгеге шешіп беретін таныстары бар екенін де айтады. Расында да оның таныстары бар болып шықты. Қалалық білім бөлімінің бас маманы балабақша басшысы арқылы 70 мың теңге көлемінде параны қалтасына басып алды. Осының алдында жас ана Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар Ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаментіне арызданған болатын, осылайша екі парақор да ұсталады.

– Екеуінің де кінәсі сотта толық дәлелден, сотталушылар өз кінәсін мойындады, – дейді қалалық прокуратураның бөлім басшысы Қуаныш ШУНКЕНОВ. – Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 55-бабы («Белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындау») қолданылып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырумен бірге әрқайсысына 2 млн 100 мың теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

12 қазан 2016, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.