Атырау, 26 сәуір 18:20
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ұрылар қулықтарын асыра, арсыздықпен тонайды

2 041 просмотра

Қала маңындағы ауылдарда үй тонау оқиғаларының жиілеп кеткені туралы жарияланымды әзірлеу барысында біз Атырау қалалық ІІБ-не облыс орталығындағы жалпы пәтер ұрлығына қатысты ахуалға комментарий беру өтінішімен сауал жолдаған едік. Сауалымызға кешігіп болса да жауап келді.

«Биылғы жылдың 8 айы ішінде қала маңындағы Ақжар, Ақжар-2, Ақсай, Ақсай-2, Жұлдыз -1,2,3, Талғайраң тұрғын үй массивтерінде үй ұрлығының 271 фактісі тіркелді. Аталмыш елді мекендерде бұдан бұрын ашылмаған ұрлықтар бойынша тергеу-жедел тобы құрылды. Тергеу барысында 6 қылмыстық топ анықталып, ұсталды. Меншікке қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтың 49 эпизоды дәлелденді. Оның 32-сі ауыр санатқа жатады, - делінген Атырау қ. ІІБ бастығы Нұрхат ОРАЗБАЕВТЫҢ қолы қойылған жауапта. – Бұдан басқа, Атырау қаласы мен қала маңындағы ауылдарда бірнеше рет жедел-алдын алу шаралары өткізілді. Соның нәтижесінде үй және пәтер ұрлығымен айналысатын 15 қылмыстық топ ұсталып, олар жасаған құқықбұзушылықтың 104 фактісі дәлелденді».

Жауапта, сонымен қатар, көппәтерлі үйлердегі подъезд есіктерінде домофондар мен кодталған құлыптардың, жеке секторда терезелерде темір тордың, бақылау камераларының (әсіресе жаңа тұрғын үй массивтерінде), көшелерде жарықтың болмауы ұрыларға қолайлы екендігі аталған.

Бұдан басқа, 2016 жылдың 8 айы ішінде Атырауда 3556 ұрлықтың тіркелгені, мұның өткен жылмен салыстырғанда, 21,2 пайызға көп екендігі хабарланған. Биыл қылмыстың ашылу пайызы әзірге 16,4 пайыз болып отыр. 2015 жылы ол 13,5 пайыз болған еді.

Тамара СУХОМЛИНОВА
27 қыркүйек 2016, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.