Атырау, 27 сәуір 07:51
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Қозғалысты шектеу туралы ескерту

2 423 просмотра

Құрметті Атырау қаласының тұрғындары! Қалалық әкімдік дренаж жүйесін жүргізуге байланысты 27 тамыз күні сағат 8.00-ден 28 тамыз күнгі сағат 20.00-ге дейін Сәтбаев даңғылының бір жолағы бойынша (жұр нөмірлі үйлер жағы) – Сәтбаев және Байтұрсынов көшелерінің қиылысынан Орталық көпірге дейін ішінара автокөлік қозғалысына шектеу қойылатынын ескертеді.

№1 «Атырау ықшамауданы-Авангард ықшамауданы», №3 «СМП-163-Атырау ықшамауданы», №4 «Нұрсая ықшамауданы-Дина базары», №7 «Лесхоз-Химпоселок», №12 «Авангард-Балықшы», №14 «Авангард-Вокзал», №15 «Сарықамыс ықшамауданы-Мұнайшы ықшамауданы», №20 «Балықшы-Атырау ықшамауданы», №21 «СМП-163-Ескі әуежай» және №64 «Дина базары-Жұмыскер поселкесі» қалалық маршруттар Авангард жақтан Сәтбаев даңғылы бойымен Исатай даңғылынан Бейбарыс даңғылына дейін Құлманов көшесімен жүретін болады.

Жоғарыда аталған маршруттар қозғалысы Бейбарыс даңғылы жағынан Әлиев-Сатыбалдиев көпірі арқылы әдеттегі сызба бойынша жүреді. Уақытша туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Атырау қаласының әкімдігі

25 тамыз 2016, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.