Атырау, 27 сәуір 06:30
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

"Назарбаеваның Ясауи басындағы тіл жайлы ескертуі ескерілмек", "Қылмыскерлердi қорғаштаған полиция құқық қорлау жүйесiне айналып барады", "Ерен Ерден: «Биліктегілер ИШИМ-ге көз жұма қарауда»", "Орта мектепті тығырықтан шығарудың жолдары қайсы?"

1 883 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Назарбаеваның Ясауи басындағы тіл жайлы ескертуі ескерілмек" - Вице-премьер Дариға Назарбаеваның музейдегі мәтіндерді орыс тілінде де жазу туралы ұсынысы әлеуметтік желіде дау тудырды. Ол барып қайтқан "Әзірет Сұлтан" қорық-музейі бұл жайлы ресми нұсқау алмағандарын айтады.

"«Путиншіл» магнат Украинаға қызмет ететінін айтады" - Владимир Путинмен жақсы араласатын магнат және «сұр кардинал» Виктор Медведчук Украина саясатына жиырма шақты жыл бойы ықпал етіп келеді. Ресейшіл сепаратистермен бейбіт келіссөз өткізуге көмектескен адамды сыншылар «Түнек князы» деп атайды.

ZHASALASH.KZ. "Қылмыскерлердi қорғаштаған полиция құқық қорлау жүйесiне айналып барады" - Есiк қаласында әйел зорлау қылмысы елдегi полиция қызме­тiндегi былық пен сұмдық жағдайлар туралы тағы да сөз қоз­ғауға мәжбүр еттi. Билiк басындағылар айтатын “құқықтық" мемлекетте тұратын жандар полициядан араша сұрап барғанда неге тәртiп сақшыларынан түңi­лiп қайтады? Төрт бiрдей қыл­мыс­кердiң зорлығынан әупiрiм­деп аман қалған Жiбек есiмдi бейшара әйел өзiне әлiмжеттiк жасағандарды көрсетсе де, полицияның оларды ұстамақ түгiлi, жауап алмастан үйлерiне қоя бергенiн қалай түсiнемiз? Сонда полиция ақтағысы келсе ақтап, қамағысы келсе қамай салатын өзiмбiлермен мекеме ме?

"Аграрлық арман. Қазақстан Польшадан үйрене ала ма?" - Осы аптада президент Варшаваға ресми сапармен барып, Польша басшысы Анджей Дудамен және премьер-министр Беата Шидломен, сондай-ақ Польша Сенатының төрағасы Станислав Карчевскиймен кездестi. Қазақстан-Польша бизнес-форуымына қатысып, польшалық кәсiпкерлердi Еуразиялық экономикалық одақ аймағында жұмыс iстеуге шақырды. Әрi бұл одақты құруға өзiнiң бастамашылық еткенiн, ЕАЭО-ның саяси бiрлестiк емес, таза экономикалық одақ екенiн астын сызып тұрып ескерттi. Мұнысы “Қазақстан Ресейдiң қол­ас­тын­дағы ел емес, дербес мемлекет" дегендi меңзе­генi болса керек. Ал бұдан польшалық кәсiпкер­лер­дiң не ұққаны белгiсiз. Белгi­лiсi, қазақ билiгiнiң Польшадан инвестиция тартқысы келетiн салаларының қатарында ауыл шаруашылығы да бар.

"«Жоқшы»" - Қазақта “жоқшы" деген әдемi сөз бар. Негiзi дана халқымыз оны салт-дәстүрiн түгендеген, әдет-ғұрпын әспеттеген, сол жолда iзденуден танбаған адамдарға қаратып айтса керек. Заманның өзгергенi шығар, қазiр “жоқшылар" билiктен де бой көрсете бастады. Әйтеуiр әркiм әрненi iздеп жүр. Солардың арасынан оқ бойы озып шыққан әзiрге К.Мәсiмов сияқтанған. Сияқтанған дейтiнiмiз, Хан кененiң басын iздеймiн деп қазақтың көңiлiн аспандатты да, артынан үнсiз қалды. Осы өлi тыныштықты “пайдаланып", оған бiр бәсекелес пайда бола кеттi. Және алыстан емес, үкiмет басшысының тап iргесiнен шықты.

ABAI.KZ. "Жемқорлық індет – жою міндет" - Біз бүгінде өркениетті еліміздің дамуына тұсау, кемелденуіне кедергі келтірер қоғамдық дертке айналған сыбайлас жемқорлықпен күресудеміз. «Жемқорлыққа жол жоқ» деп ұрандатып, мінберлерден ауызымызды толтырып айқанымызбен, осының түп-тамырына қалай балта шабуға болады деген сауалға жауап іздеп жүргеніміз шамалы.

"Н.Назарбаев. "Кеңес Одағын қалпына келтіргісі келетіндердің басы жоқ"" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев польшалық бизнесмендерге Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы жұмыстың артықшылықтарын түсіндірді.

QAMSHY.KZ. "Әлеуметтік желіде шу шықпаса, қылмыскерлер құрықталмай ма?" - Қоғам болған соң түрлі оқиғалар, жағдайлар болып жатады. Біздің айтпағымыз түрлі сипаттағы қылмыстар жайлы. Әр кезде еліміздің әр түкпірінде сан түрлі қылмыстар жасалады. Олар туралы мәліметтер, күдіктілерді іздестіру, ұстау, тергеу барысы көп жағдайда қоғам назарынан тыс қалып, іс сотқа жеткенде ғана ақпарат құралдарының танысуына мүмкіндік туып жатады.

"Ерен Ерден, Түркия парламентінің депутаты: «Биліктегілер ИШИМ-ге көз жұма қарауда»" - Түркия ұлттық мәжілісінің Республикалық Халық партиясынан (РХП) сайланған депутаты Ерен Ердем баспасөз мәслихатында ИШИМ мүшелеріне орындары белгілі бола тұра операция жасалмағанын, Түркияға үрей салған ИШИМ мүшелерінің Түркияда 18 мың долларға емдетілгені туралы құжаттарды көрсетті.

KORRESPONDENT.KZ. "Гастарбайтерлердің кесірінен талай қазақ жұмыссыз қалды" - Жұмыссыздықты жою бүгінде ең өзекті мәселелердің бірі ретінде жиі айтылады. Елімізде екі қолға бір күрек таппай, жетім бұрышты жағалап жүргендер аз емес. Сөйте тұра, қолымызға бір-екі теңге түссе, жалдамалы жұмысшының қызметіне жүгінетін жаман әдетіміз бар. Дәл қазіргі құрылыстың қызған шағында шет елден келіп, жалданып жұмыс істейтін гастарбайтерлерді кез-келген ауылдан кездестіруге болады.

"Қазақстандықтардың ажалы қай аурудан?" - Қазақстан халқының санын өсіре алмай отырсақ, қырсық қылғандай аурулар да біртіндеп жасарып барады. Халықты өлімге алып келетін факторлар көбейе түсті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазақстандықтардың ажал құшуына жиі себепші болатын 5 фактор бар екен. Сарапшылар пікірінше, осы аталған сырқаттар күтілген өмір ұзақтығын 8 жылға дейін қысқартады. Олар қандай? Саралап көрейік.

BAQ.KZ. "Анам маған үш күн бойы қарай алмады, ал дәрігерлер "ұйықтатып" тастауды ұсынған – К.Күйіков" - Семей полигонының құрбаны, туғаннан екі қолы жоқ суретші Кәріпбек Күйіковты танымайтын қазақ баласы жоқ шығар, сірә. Тағдырдың қатал жазуына мойынсұнбай, шығармашылық пен қоғамдық жұмысты қатар алып жүрген Кәріпбек ағамыздың төзімділігі, өмірге деген құштарлығы мен күрескерлік мінезіне қарап, қол-аяғы бүтін адамның өзі көп ғибрат ала алады. «Невада-Семей» қозғалысынан басталған жұмыс бүгінде «Атом» жобасы аясында жалғасып отыр. Кәріпбек Күйіков - көптеген суреттердің авторы. Өзіне пейзаж жанры ұнаса да, ядролық сынақтардың зардабын көрсету үшін Семей полигоны туралы ондаған суреттерді салды. Соның біреуін биыл Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік саммитінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамаға да табыстаған болатын.

DALANEWS.KZ. "Таласбек Әсемқұлов – қазақ руханиятының бейресми көшбасшысы" - Өнерді мұрат тұта отырып, бар бол­мысын, бүкіл саналы ғұмырын шын мәнісінде ұлтына қалтқысыз қызмет етуге арнап өткен Тұлғалар санаулы. Сол санаулылардың бірі – Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ. Өнерді өзінің дара жолы етіп таңдаған тұлға. Жазушы, сыншы, аудармашы, кинодраматург, мәдениет­танушы, өнертанушы, үл­кен мектеп көрген күйші-домбы­рашы, ұлттық өнердің тамыршысы, ойшыл, білімдар.

TURKYSTAN.KZ. "Орта мектепті тығырықтан шығарудың жолдары қайсы?" - Қазақстан тәуелсіздік алған ширек ғасырда жібін босатып, тізгінін жіберіп алған саласы – білім саласы. Сол себептен де болуы керек бақандай 25 жыл өтсе де, әлі дұрыс жолға қоя алмай келеміз. Қазір еліміздің әр түкпірінде тамыз кеңестері өтіп жатыр. Онда алдағы оқу жылындағы басты мәселелер талқыланбақ. Қазақ тәуелсіздігінің 25 жылдығында осы саланы 14 министр басқарған екен. Әр министрдің кәлласында бір қиял. Әркім өз қолтаңбасын қалдыруға тырысады.



25 тамыз 2016, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.