Атырау, 26 сәуір 15:34
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Ақсай орталығында мазут төгілген

Сурет
4 909 просмотра


Қала іргесіндегі Ақсай поселкесінің орталығында (бұрынғы Птицефабрика) мұнай қалдығы бар қамба анықталды.

Ақсай ауылдық округі әкімінің орынбасары Шархан МҮСІЛІМОВ былай дейді:

- Қамбаны көрген соң біз сол жерде мұнай қалдықтарын шұңқырға құйып, оны топырақпен көміп кеткен кім екенін білу үшін мұнай және отын компанияларының өкілдерін жинадық. Сол уақытта бізге жақын маңдағы үйлердің бірінің тұрғыны шығып, «Немене мұнда жер беріп жатыр ма?» деген сұрақпен шықты. Және ол 13 жыл бұрын поселкені газдандырған соң мұнда өзінің жеке қазандығына тиесілі қажетсіз болған мазутты құйғанын айтып қалды. Мен оған: «ағай, сіз экологияны құрттыңыз ғой!» дедім. Ол не айтып қойғанын түсінінп, мазут көп болмағанын, небары 10 литр болғанын айтты. Қайдағы, мұнда бір цистерна құйылған... Не дегенмен, мұнымен енді құзыретті органдар айналысуы тиіс.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

24 тамыз 2016, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.