Атырау, 27 сәуір 05:17
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Назарбаев Путинге Порошенкомен телефон арқылы сөйлескені жайлы айтып берді

2 569 просмотра

Фото: kapital.kzҚазақастан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Петр Порошенконың қоңырау соғып, Украина парламентіндегі көпшіліктің жоқ болуына байланысты Донбассқа қатысты заң жобасын қабылдай алмай отырғанын және оның ымыраға келуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Жақында маған Порошенко қоңырау соғып, Рададағылардың басым бөлігінің жоқтығынан Донбасс пен екінші өңірдің мәртебесін қабылдау мүмкін болмай отырғанын айтты. Басқа мәселелер бойынша шешу керек. Менің ойымша, ол мәмілеге келуге дайын, бірақ мұндай жолды таппай жатыр", - деді Назарбаев Путинмен кездесуінде.

"Бұл мәселелердің барлығы Ресей үшін ауыр тиіп жатыр, бірақ ол мәселелер шешіледі", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Конституцияға орталықсыздандыру бойынша өзгерістер енгізетін заң жобасы Донбасстағы шиеленісті реттеудегі маңызды пункттердің бірі. Бұл заң жобасында жергілікті басқарудың үш жүйесі қарастырылады. Cондай-ақ, әкімшілік-аумақтық құрылымның жүйесі өңірлерден, аудандардан және қауымдастықтардан тұрады деп күтіледі. Қауым өкілдеріне қаражат пен өкілеттіктің үлкен бөлігін беру ұсынылды.

Осыған дейін Владимир Путин Назарбаевқа Түркиямен қарым-қатынасын қайта қалпына келтіруге қосқан үлесі үшін алғыс айтты. "Сіз Ресей-Түркия қарым-қатынасын қайта қалпына келтіру туралы айттыңыз. Осыған байланысты аралық миссияңызды ойлап, жасаған амалдарыңыз үшін алғыс айтамын. Көріп отырғанымыздай, қарым-қатынасымыз жақсарды", - деді Путин Назарбаевпен кездесуінде.

Дереккөз: Tengrinews.kz

16 тамыз 2016, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.