Атырау, 26 сәуір 22:06
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Құрманғазыда қандай жолдар жөнделеді?

2 513 просмотра

Құрманғазы ауданында жол мәселесі басты мәселелердің бірі болып саналады.

аңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 186 шақырым. Оның ішінде осының бүгінде 16,8 шақырымы ғана асфалтталған. Ал ауылішілік 283,41 шақырым жолдың небары 18, 3 шақырымы асфалтталған (бұл селоішішілік жолдар ауылдық округтердің теңгеріміне бұдан бес жыл бұрын берілген еді).

Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Жастілек ХАСАНОВТЫҢ айтуынша, соңғы рет жол жөндеу жұмыстары былтыр жүргізіліп, Дәулеткерей-Алға жолының 7,5 шақырымы күрделі жөндеуден өткен. Ол жақында тағы жолдардың жөнделетінін айтады. Биыл «Кудряшов-Жаңа ауыл-Арна» трассасының 7 шақырым жолына, сондай-ақ, 2,2 шақырым болатын Жұмекен ауылының кірме жолына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Аудандық маңызы бар жолдарға күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) жасақтауға облыстық бюджеттен 147,3 млн теңге бөлініп отыр. Тізімге «Котяевка-Шортанбай» трассасының 12 шақырымы, «Жасталап-Жыланды» трассасының 7,8 шақырымы, Ақкөл-Қызылоба-Жыланды-Төртінші разьезд-Қиғаш» трассасының 51,4 шақырымы еніп отыр. Ганюшкиннен Утераға дейінгі 29 шақырым жолды жөндеуге ЖСҚ жасақтауға 65 млн теңге бөлінген. Ал ауылішілік жолдарға ЖСҚ жасақтауға 128,7 млн теңге бөлу жоспарланған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 шілде 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.