Атырау, 26 сәуір 18:23
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Мексикада екі күн ішінде екі мэр өлтірілді

1 724 просмотра

Фото: internetua.comМексикада екі күннің ішінде екі мэр өлтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты RT порталына сілтеме жасап. Сьюдад-Альтамирано қаласының мэрі Аброзио Сото Герреро штатында есірткі картелімен айналысатындардың қолынан қаза тапты.

Қаруланған адамдар тас жолды бөгеп, Сото келе жатқан көлікті бірнеше пикаптан атқылаған. Мэрді алып жүріп келе жатқан екі полицей ауыр жарақат алған. Қала басшысы оқиға орнында қаза тапқан. Сонымен, Сото Мексикада соңғы екі күнде қаза тапқан екінші мэр. Осыған дейін Чьяпас штатында орналасқан Сан-Хуан Чамула қаласының басшысы өлтірілген болатын.

Сьюдад-Альтамирано қаласының тұрғындары мен кәсіпкерлері "Крестоносец" есіркі картелінің жауынгерлеріне ақы төлеп отыруға мәжбүр екендігіне бірнеше рет шағымданған. Қала мэрі қорғаныс үшін ақы төлемейтіндігін хабарлағаннан кейін қарақшылық топтың мүшелері оны атып кеткен.

Дереккөз: Tengrinews.kz

25 шілде 2016, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.