Атырау, 26 сәуір 23:31
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

39 миллиондық табло бағдар бола алмай тұр

3 362 просмотра

Атырау аялдамаларындағы электронды табло наурыз айында іске қосылған еді. Бірақ олар атыраулықтар үшін автобус күту кезінде бағдар болмады. Өйткені ондағы ақпарат дұрыс емес.

АЛМАТЫ МЕН СОЧИДАҒЫДАЙ ЕТКІСІ КЕЛДІ

Естеріңізге салсақ, қалалық билік былтырдан бері жолаушылар тасымалын диспетчерлеу жүйесін енгізу жұмыстарын өткізген еді. Былтыр 4 маусымда қалалық ТКШ бөлімінде Атырау Орталық диспетчерлік қызметінің таныстырылымы өтті. Жүйенің базалық сызбасы қарапайым: автобусқа терминал орнатылады, ол ақпаратты нақты уақыт режимінде серверге жібереді. Ол жерде мәліметтер автоматты түрде өңделеді, тасымалдаушы және қаладағы салалық қызметтер үшін есептер жасалады. Жинақталған мәліметтер базасында жүйе қала тұрғындары үшін ақпаратты интернет-порталға немесе мобильді қосымшаға жібере алады. Мұндай бағдарламалар Алматы мен басқа қалаларда ойдағыдай жұмыс істеп тұр. Ресейде де осындай бар. Мәселен, Сочиде 2GIS қосымшасы бар – мен сол жақта еңбек демалысымда болған кезде, ол арқылы бір нүктеден екінші нүктеге: базарға, кеңсеге, дүкенге қандай маршрутпен баруға болатынын білдім. Жүйе автоматты түрде маршрутты жасақтап, жақын аялдама қай жерде екенін, қандай маршрутқа отыру керектігін, қанша аялдама жүру керектігін, басқасына ауысып отыру керектігін және т.б. айтады. Атырауда өткен таныстырылымда «Жолаушылар көлігін диспетчерлеу жүйесін» әзірлеуші болып табылатын KazInterSoft компаниясының директоры Әділбек НҰҒЫМАНОВ Атырау тұрғындарының infobus.kz мобильді қосымшасының көмегімен қоғамдық көлік қозғалысына бақылау жасай алмайтынын әңгімеледі. Қосымша қандай маршруттың қандай уақыттан кейін жолаушыға керек аялдамада болатындығын айтады.

Бұдан басқа, мәліметтерді аялдамада орнатылған электронды таблоға жіберуге болады. Атырауда бюджет қаржысына осындай 20 табло сатып алынды.

БӘРІ ОЛАЙ ЕМЕС!

Ауа райы, маршруттардың қозғалу уақыты және кестесі туралы мәліметтер таблоға әуел бастан шығарыла бастады. Бірақ көктемде қала тұрғындары көрсетілген уақыттың автобустардың нақты келу уақытымен сәйкес келмейтіндігін байқаған. Сол кезде қалалық ТКШ бөлімінің мамандары іске қосу-реттеу жұмыстары мен бағдарламалық қамтуды икемдеу әлі аяқталмағандығын айтты.

Үш ай өтті, алайда ахуал әлі өзгерген жоқ. Таблолардың барлығында түрлі даталар көрсетілген – мәселен, «Атырау мейманханасы» аялдамасындағы таблода 18 шілдеде бүгін 12-сі деп көрсетілген. Уақыт 3-4 сағат айырмашылықпен белгіленген. Ауа температурасы туралы мәліметтер де басқаша. Бірақ ең бастысы – таблода осы аялдама арқылы өтетін барлық маршруттардың кестесі шығарылмайды және уақыт нақты келу уақытымен сәйкес келмейді. Алғаш рет мен мұны ТШО кеңсесінің жанындағы аялдамада 15 минут тұрған соң байқадым: маршруттық автобустар таблодағы ақпаратқа қарамастан келді: 14-ші маршрут кестеден төрт минут бұрын келді, 12-ші де кестеге қарамады. Қалған маршруттар кестеде мүлдем болмады. Содан соң мен көшеден кесіп өтіп, «Атырау мейманханасы» аялдамасына бардым: «Авангард - Балықшы» автобусы ақыры келмеді. Есесіне, 14-ші «Авангард-Вокзал» маршруты уақытында келді деуге болады. Содан соң табло ұйықтап кеткендей болды: маршруттардың аттары қазақ тілінен орыс тіліне ауысты, ал жергілікті уақыт болуы керек – автобустардың келгені секілді тоқтап қалды. Яғни, аялдамада тұрған 5 минут бойына таблода 13.09 деген уақыт көрініп тұрды (іс жүзінде, айта кету керек, таңертеңгі сағат 10 еді). Автобустар келгенше, 0 және 1 минут қалды. «Бейбарыс» аялдамасында тек №12 маршруттың қозғалысы туралы мәліметтер шығып тұрды. Алайда бұл жерде 30-шы, 21-ші маршруттар және басқалар жүреді.

ҚАҢҒЫҒАН АВТОБУСТАР

Қалалық ТКШ бөлімінің көлік секторының жетекшісі Қуаныш ИБРАГИМОВТЫҢ айтуынша, қазіргі уақытта таблода 5-ші және 21-ші маршруттан басқа барлық маршруттар туралы ақпарат шығуы тиіс. Тек осылардың автобустары ғана GPS-навигаторлармен жарақталмаған. Ал уақыттың сәйкес келмеуі интернеттегі проблема салдарынан туындайды. Алайда анағұрлым толық комментарий алу үшін алматылық «Акцент» ЖШС басшысы Ләззат ҚҰСПАНҒА жүгінуге кеңес берді. Осы фирма таблоны қолдаумен және оған қызмет көрсетумен айналысады екен.

Датасы мен уақыты интернеттің сапасыз жұмыс істеуі салдарынан жаңылысады. Автобустың келгені туралы ақпараттың таблоға кешігіп, қате шығу себебі осыдан. Алайда байланыс операторы бізде біреу емес, бірнешеу. Біз қаланың қай ауданында қандай байланыстың жақсы жұмыс жасайтынына мониторинг жүргіздік. Электронды экрандағы маршруттардың толық емес тізіміне келер болсақ, бұл – тасымалдаушы жұмысындағы кемшіліктер. Автобустарды бір маршруттан екіншісіне жібере салатын жағдайлар болып тұрады. Автобуста, мәселен, №30 маршрутта жабдықтар икемделген. Оператор оны «отыздық» ретінде көреді, ал ол басқа маршрутта ауысып жүреді. Мұндай жағдайда трекердің бағытын өзгерту керек. Бәлкім, автотасымалдаушы диспетчерлері мен жүргізушілер мұны жасамайтын шығар, ал жаңылыс болмау үшін жабдықты ажыратып тастайды, - дейді Ләззат Құспан.

Нәтижесінде 40 млн теңгеге сатып алынған табло үнемі салымды: электрді, интернетті, қызмет көрсетуді қажет ететін керексіз металл кесегіне айналады. Айтпақшы, қызмет көрсету туралы. Алматылықтардың айтуынша, олар сәуірде таблоны қолдаумен айналысқан, алайда өз жұмыстары үшін бірде-бір ақша алмаған. Егер осылай жалғаса берсе, олар бұл жұмыстан бас тартпақ.

ЖҮЙЕ ЖАҚСЫ, ОРЫНДАУШЫЛАР НАШАР МА?

Бізде Атырауда неліктен басқа қалада жолға қойылған жүйе дұрыс жұмыс жасамайды деген сұрақпен біз KazInterSoft компаниясының директоры Әділбек Нұғмановқа жүгіндік. Компания біздің автобустарға трекерлер орнатқан және бүгінде оларға қызмет көрсетуді жалғастыруда.

Нюанстар көп. Бәлкім, жүйеде маршруттардың бәрі бірдей икемделмеген шығар. Жүргізуші трекерді ажыратып тастайды, автопарктегі диспетчер жүйеде автобусты маршрутқа қоспаса, бітті. Бағдарлама бұл автобус маршрут бойынша жүрсе де, оны «көрмейді». Тиісінше, ол бойынша мәліметтер интернет қосымшада да, таблода да көрінбейді, - дейді Нұғманов. – Өз тарапымыздан біз қажеттінің бәрін жасадық: диспетчерлік орталықты ұйымдастыруға көмектестік, диспетчерлерді оқыттық, мамандарды жүргізушілер тарапынан түрлі заң бұзушылықтарды анықтау әдістемесімен таныстырдық.

Қазіргі кезде автобустарда орнатылған жабдықтарға қызмет көрсетумен айналысамыз. Түрлі көлік жүйесі қызметінің қызметкерлері өз міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарауы тиіс, сол кезде жүйе қалыпты жұмыс жасайтын болады. Яғни, бұл жердегі проблема адам факторында болып отыр...

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

20 шілде 2016, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.