Атырау, 27 сәуір 05:12
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

"Қашаған кенішінен қара халыққа пайда бар ма?", "Мұхамеджан Тазабек: “Сәләфи деген ілгерлілер, бұрынғылар, алдыңғылар деген мағына береді»", "Нұртас Оңдасынов: «Жер менікі емес, халықтікі!»", "Ата-аналар арнаулы мектептің ақылы сыныбын қымбатсынады"

2 087 просмотра

KAZ.365INFO.KZ. "Қашаған кенішінен қара халыққа пайда бар ма?" - Жуырда Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қашаған мұнай кенішінің осы жылдың қазан айына дейін қосылатынын мәлімдеді. Тіпті мұнай өндіру көлемін жоспарланған 74 миллионнан 75 миллион тоннаға дейін арттыруды тапсырып отыр. Алайда Қашағанды қазанға дейін іске қосу мүмкін бе, мүмкін болса, одан қараша халыққа қандай пайда болмақ?

"Мұхамеджан Тазабек: “Сәләфи деген ілгерлілер, бұрынғылар, алдыңғылар деген мағына береді»" - “Рейтинг" газетіне сұхбат берген ақын, “Асыл арна" телеарнасының бас директоры Мұхамеджан Тазабек елімізде соңғы кездері орын алған жағдайларға, оның ішінде Ақтөбедегі лаңкестікке қатысты көзқарасын білдіріпті.

AZATTYQ.ORG. "Ата-аналар арнаулы мектептің ақылы сыныбын қымбатсынады" - Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде тегін оқытатын сынып санының азаюы білімін арнайы мекемеде жалғастырғысы келген табысы төмен отбасыларындағы дарынды оқушыларға жайсыз тиіп отыр.

"Еуропаға баратын туристерге «Брекзит» қалай әсер етеді?" - Миллиондаған британдық турист үшін «Брекзиттің» сансыз салдарының ең елеулісі – еуро және доллармен есептегенде бағаның қымбаттауы болмақ. Бірақ Ұлыбританияға баратын туристер ақша үнемдеуі мүмкін.

ZHASALASH.KZ. "Бiресе батысқа, бiресе шығысқа жалтақтаған Е.Сағадиев үй тапсырмасын ендi өзi тексермек" - “Қой көрмеген қуалап өлтiредi" деушi едi. Сол айтпақшы, өзi өмiрiнде мектепте ұстаздық етiп көрмеген, оқушы психологиясынан бейхабар “бас мұғалiм" ойыншығына айналған көгенкөздердiң сорын мықтап қайнатуға бiржола бет бұрған сыңайлы.

"Мәмбетұлы Жәмеңке: «Бала өлгенше шал өлсiн.Бiз бала бере алмаймыз!»" - Қазақ жерiне көз тiгушi елдердiң көп болғаны тарихтан белгiлi. Солардың бiрi және iргелес орналасқаны – патшалы Ресей едi. Жерiмiзге баса-көктеп кiрiп, бекiнiстер сала бастады. Қазақтардың жерiн өз бiлгендерiнше билеп-төстедi. 1867 жылы “Қазақ жерi мемлекет меншiгiне алынсын" деген заң шығарды. Осы заңның негiзiнде қазақтың шұрайлы жерлерiне Ресейден казак-орыстарды көптеп көшiрiп әкеле бастады. Бұл отарлаудың бастамасы болатын. 1913-1945 жылға дейiн Жетiсу облысынан 1800 мың десятина құнарлы жайылымды жердi зорлықпен орыстарға тегiн алып берген.

ABAI.KZ. "Нұртас Оңдасынов: «Жер менікі емес, халықтікі!»" - Оңдасынов, Тәшенов, Есенов секілді ерлерден бүгінгі ел мен жер тізгінін қолға алған әрбір азаматтың үйренер үлгісі мол!

"«Ақпараттық терроризм» қандай қауіп төндіреді?" - Бүгінгі күнімізді бейбіт заман ретінде сипаттағанымызбен, шын мәнінде дүниежүзілік үшінші соғыс дүбірінен тысқары қалып отырған жоқпыз. Әлемнің астаң-кестеңін шығаруға қабілетті аса ұтқыр саналатын ықпалы зор бұл аспектімен санаспауға болмайды. Оның атауы – «ақпараттық соғыс». Бұл өзі бүгін ғана аяқ астынан пайда болған дүние емес. ХХ ғасырдың екінші жартысында басталған коммунистік тәртіпті ұстанғандар мен либералдық көзқарасты негізге алған елдер болып екіге қақ жарылған жүйеаралық «қырғи-қабақ» соғыс 1991 жылы либералдықтардың жеңісімен аяқталған еді.

DALANEWS.KZ. "Ауыт Мұқибек: Он пайыз жер оралманға қалсын!" - Демек, Көші-қон саясаты өзгермейді. Қазір бейресми деректерге қарағанда шетте бес миллион қандасымыз бар. Мүмкін одан да көп болу керек. Алдағы жылдарда олар Қазақстанға тоқтаусыз көшіп келіп отырады.

ULT.KZ. "Шыңғыс хан: шежірелік деректерде" - Бұл жерде әңгіме әлемге әйгілі Шыңғыс қаған туралы болып отыр. Шынында да, тарихи деректер ұлы ханның Орталық Азияда әлі халықтар қалыптаспай, олардың этникалық құрамы да этнотерриториясы да климаттық және әлеуметтік-саяси үдерістерге байланысты өзгерістерге ұшырап отырған дәуірде ғұмыр кешкенін айқын аңғартады. Мұндайда ақиқатты айқындауға зерттеушілердің өзіндік субъективті көзқарастарынан гөрі тарихи тамыры сол дәуірдің өзімен тығыз байланысты ғасырлар тезінен өткен мәліметтер зор көмек көрсетеді. Сондықтан да «Шыңғыс хан кім?» деген сауалға жауап берерден бұрын оның шығу тегіне қатысты шежірелік деректерге талдаулар жасаған жөн болады. Ал енді ұлы қағанның шығу тегі әңгіме болғанда соңғы кездегі дәстүрлі деректер оны байырғы Жалайыр тайпасымен байланыстырады.

SN.KZ. "Талақтан көз ашпаған қыздың аяғы тағы да ауыр" - Бүгінде эксперимент алаңына айналған еліміздің білім беру саласы әбден талаққа ұшыраған жесір әйелдің кейпіндей көрінеді бізге. Әр күйеуінен туып алған балаларын (реформалар) жетектеп, әр еркектің етегінен ұстап жүргені. Бірақ, маңдайына біткен соры ма, кім білсін, қай еркектің қойнына кірсе де бірер жылдан ұзақ бірге тұра алмайды, абыройы айрандай төгіліп, талақпен кеткеніне көз үйренген.




27 маусым 2016, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.