Атырау, 26 сәуір 19:47
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​«Бергей мұрасын» шетелдіктер қолға ала ма?

2 885 просмотра

Image 0Көрнекі сурет.Баспасөз конференцияларының бірінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ Атырау қаласының сол жақ жағалауындағы кәріздік тазарту құрылғысының (КТҚ) құрылысын аяқтау туралы испандық инвесторлармен келіссөз жүргізіліп жатқаны туралы мәлімдеген еді.

Редакция сауалына облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тілек МАХУОВ былай деп хабарлады.

«КТҚ құрылысына тапсырыс беруші «Атырау облыстық құрылыс басқармасы» ММ болып табылады. Ол 2010 жылдың 5 наурызында жалпы сомасы 8 млрд 640 млн 560 мың теңгеде «СнабОйлСтрой» мердігер мекемесімен келісімшарт жасады. Келісімшарт бойынша: 2010 жылы - 500 млн теңге, 2011 жылы – 6 млрд 525 млн 637 мың теңге, 2012 жылы – 1 млрд 265 млн 022 мың 083 теңге, барлығы 8 млрд 290 млн 659 мың 083 теңге төленді.

2012 жылдың аяғында жобаны жүзеге асыруға қаржы бөлу артық төленуі себепті тоқтатылды.

2013 жылы техникалық зерттеу және жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) түзетуге жергілікті бюджеттен 56 млн теңге бөлінді. Қазіргі кезде ЖСҚ түзету жұмыстары аяқталды. 2016 жылдың сәуірінде оған мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Сол жақ жағалаудағы КТҚ-да орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының (ҚМЖ) нақты құны 2010-2012 жылдары 2 млрд 748 млн 816 мың 133 теңгені құрады. Құрылыс нысанында ҚМЖ 30 пайызға орындалды.

Бүгінде мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламасы бойынша жобаны әрі қарай жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылуда. Отандық және шетелдік компаниялар сол жақ жағалаудағы КТҚ құрылысын аяқтау жөнінде ұсыныспен шығуда. Қазіргі кезде нысан құрылысын жалғастыру нұсқалары талқылануда».

Естеріңізге салсақ, КТҚ құрылысына бөлінген қомақты бюджет қаржысының ұрлануы - «Бергей Рысқалиевтың ҰҚТ» ісі бойынша өткен сот процесінде айыптау пункттерінің бірі болатын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 маусым 2016, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.