Атырау, 26 сәуір 20:35
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Алғашқы тұрбаға дейін

2 194 просмотра

2007 жылы жұбайым екеуміз жер телімін алуға өтініш берген едік. 2012 жылы бізге Водниково-3 поселкесінен жер телімін берді. Қолымызға жер телімін бөлу туралы актінің көшірмесін алдық. Сонымен болды. Әлі күнге дейін «бегунок» жасай алмай жүрміз, өйткені, қала әкімінің тиісті шешімі жоқ. Әлденеше рет қалалық сәулет бөліміне хабарластық, ол жақтағылар үнемі аз ғана күту керектігін айтады. Нені және тағы қанша күту керек?

Телефон арқылы

Сұраққа қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қуанышбек МАҚАШЕВ жауап берді:

– Жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер телімін бөлу туралы азаматтардың өтініші негізінде бірнеше тұрғын үй массивінен, соның ішінде Водников-3 поселкесінен жер телімдерін бөлу қарастырылды. Алайда ҚР Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, тұрғын үй массивтеріне инженерлік коммуникациялар жүргізілгенге дейін жер телімдерін бөлу тоқтатылды.

Қазіргі кезде жер телімдері 2000-2003 жылдары кезекке тұрған азаматтарға бөлінуде. Азаматтарға жер телімдерін беру телімдерге инженерлік коммуникациялар жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін, сонымен қатар заңнамаға және кезектілікке сәйкес жалғасатын болады.

23 маусым 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.