Атырау, 27 сәуір 05:07
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Заңдастыру + мемлекет кірісіне 10%

2 091 просмотра

Жақында баспасөзде мемлекеттік кірістер департаментінің 2016 жылы 1 мамырда Атырау облысында ҚР тысқары жатқан жалпы сомасы 207,4 млн теңге болатын мүлік заңдастырылды деген ақпарат жарияланды. Осыдан бірнеше жыл бұрын шетелден пәтер сатып алған болатынмын, соған қатысты менің қоятын сауалдарым бар еді. Мен бизнесменмін, бұл жылжымайтын мүлікті ешқандай заңды бұзбастан адал еңбегіммен тапқан ақшама сатып алдым. Сол кезде де, қазір де біздің елімізде шетелден жылжымайтын мүлік сатып алуға тыйым салынған емес. Демек, мен мемлекеттік кірістер департаментіне шетелде жылжымайтын мүлкімнің бар екендігін айтып, хабардар етсем болды ма? Мен неге бұлай сұрап отырмын, өйткені, ақпараттар біріне-бірі қарама-қайшы. Мәселен, өткен жылдың көктемінде ҚР мемлекеттік кірістер комитеті департаментінің директоры Т.Ботақанова ҚазТАГ агенттігіне ҚР азаматтары шетелден мүлік алу барысында мемлекетке қандайда бір алымдар төлеуге міндетті емес деп мәлімдеген болатын. Бірақ ол өз сөзінде егер ол бұл мүлкін кейін сататын болса және осы сатудан оның кірісі артса, онда ол кірісін декларациялауға міндетті және бұл келісімнен Қазақстан заңнамалары бойынша салық төлеуге тиіс деп атап өтті. Ал, сол 2015 жылдың қыркүйегінде мәжіліс «Мүлікті заңдастыруға байланысты ҚР азаматтарына рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Осы заң жобасына сәйкес, жекелей алғанда шетелдегі мүлік бойынша мемлекеттік кіріс органдарына 10% пайыз алым төлей отырып, ресми заңдастыруды жүргізу ұсынылды. Бүгінгі күнгі жағдай қалай? Егер мен мемлекеттік кірістер департаментіне өтініш берсем, демек, маған шетелдегі пәтерді сатып алу келісімінен түскен соманың 10% төлеуім керек пе? Және мен сол пәтерді сатқан жағдайда да келісімнен тағы да 10% беруге тиісті боламын ба?

Марат

Сауалға Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Батырбек ЮСУПОВ жауап берді:

– «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» (13.11.2015 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) заңның 9-бабының талаптары бойынша ҚР аумағынан тысқары жердегі мүлік мынадай жиынтық талаптарды сақтау барысында заңдастыруға жатады. Біріншіден, 10% алым төлеу, екіншіден, жария етілетін мүліктің атауын, оның құнын және орналасқан жерін міндетті түрде көрсете отырып, тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру, үшіншіден ҚР Салық кодексінің 180-1-бабының 1-тармағы, 1-тармақшасына сәйкес, жеке тұлғаның мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған мүлікті сату барысында туындайды.

2 маусым 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.