Атырау, 26 сәуір 21:19
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Балық аулау лимиті аз

3 353 просмотра


Балық өндіруші және өңдеуші шаруашылықтардың басшылары балық аулау лимитінің жеткіліксіздігіне шағымданды. Олар осы мәселедегі тәсілді өзгерту жөніндегі өз тілектерін облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВҚА жеткізді.

27 мамырда өңір басшысы «Амангелді» өндірістік кооперативіне, «Жемчужина» ЖШС мен «Абылай хан» ЖШС балық цехтарына, Курилкинодан бекіре өсіру шаруашылығына аяқ басты.

2000 жылдан бері балық аулаумен және өңдеумен айналысатын «Жемчужина» ЖШС директоры Гүлфара ИСМАГУЛОВА өткен жылдары лимитті бөлумен балық қорғау қызметі айналысқанын, олардың лимитті өткен квотаның игерілуі, балықшылардың саны, өндірістік қуаттылықтар және т.б. есебімен белгілегенін айтты. ЖШС-нің мотобаркастардан, таңбалаушыдан, теңіз бударалары мен мотоқайықтардан тұратын өз флоты бар. Өз өндірістік базалары, цехтары, стационарлық тоңазытқыштар мен мұздатқыш камералары бар.

- Маусымда 300-ге дейін адам жұмыс жасайды. Біз осындай көп мөлшердегі адамдарды жұмыспен қамтимыз. Солай бола тұра, биыл біздің лимитті кесіп тастады. Квотаны бөлумен қазір республикалық «Қазбалықшар» Балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қауымдастығы айналысады. Өткен жылғы квотаны бізден де нашар игерген кейбір кәсіпорындардың биыл біздікінен көп квота алғандығын білеміз. Мәселен, жоспардың 28 пайызын орындаған шаруашылықтар бар. Ал оларға 98 тонна сазан аулауға квота берді. Бізге 41 тонна бөлді, алайда бізде 92 пайыз игерілген еді.

«Абылай хан» ЖШС цехтарында бос болды. Директор әкімге, еріп жүрген тұлғалар мен баспасөзге аумақты аралатты, бұрынғы және жақында сатып алынған жабдықтарды көрсетті. Алайда олардың қалай жұмыс жасайтынын көру мүмкін болмады. Біріншіден, маусым аяқталды, екіншіден, кәсіпорын лимиті кішкентай және шикізат жетіспейді. Ал кәсіпорында өнімдерді Еуропалық одақ елдеріне экпорттауға жіберуге құқық беретін еурономер бар (облыстағы балық шаруашылықтары арасында еврономер тек «Амангелді» ӨК мен «Абылай хан» ЖШС-де бар). ЖШС басшылығы да жыл сайынғы квотаның төмендеуін бұл функцияның «Қазбалықшарға» берілгендігімен байланыстырады.

- Бұл мәселе жергілікті атқарушы органдардың құзырына кірмейді. Алайда ол балық саласының шағын және орта бизнесінің дамуына әсер ететіндіктен, біз осымен айналысатын боламыз, - деп ахуалға түсінік берді Нұрлан Ноғаев. – Мен де балық аулауға, балық өңдеуге, өнімді ішкі және сыртқы нарыққа жеткізуге мүмкіндігі бар кәсіпорынның өз әлеуетін жүзеге асыру үшін жеткілікті мүмкіндігі жоқ екендігі әділетсіз деп есептеймін.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор
28 мамыр 2016, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.