Атырау, 27 сәуір 00:10
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атырауда Ұлттық баспасөз клубы ашылды

3 926 просмотра

27 мамырда Жарбосынов көшесінің бойындағы «Ақ Жайық» ЖШС-нің жаңа ғимаратында «Журналистика ардагерлерімен кездесу және Атырау қаласынан Ұлттық баспасөз клубының ашылуы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

- «Ақ Жайық» - бұл биыл біріне 25, екіншісіне 20 жыл толған газет әрі баспахана екендігі белгілі, - деді ЖШС төрағасы Әбділдә МҰҚАШЕВ. Айта кетсек, конференция модераторы осы кісі.

Енді, міне, компания базасынан баспасөз клубы ашылуда. Күні кеше ғана сонау алматылық «аттасынан» осы брендті Атырау облысының аумағында ақысыз және еркін қолдануға ресми рұқсат алынды.

Әрине, еліміздің бүкіл өңіріндегі журналистер үшін тұрақты түрде тегін әрі өте пайдалы семинарлар өткізіп тұратын сол оңтүстік астанадағы Қазақстан баспасөз клубы да БАҚ-тар арасында едәуір танымал. Ұлттық баспасөз клубының басшылығымен көптен бері ауызша келісіміміз бар болатын, сол келісімді жүзеге асыруға енді ғана мүмкіндік туып отыр.

Атырауда Өңірлік коммуникациялар қызметі бар – бұл «Жайық Ақпарат» баспасөз клубын алмастырған мемлекеттік құрылым. Қазіргі кезде тек экономика ғана емес, әлеуметтік сала да нарықтық қарым-қатынасқа көшіп жатыр. Ал саяси партиялардың бәсекелестігі осы күні ешкімді таң қалдырмайтын болды. Ендеше мұнайлы астананың неліктен екінші баспасөз клубы болмасқа? Яғни, қайда бару керек және жиналған баспасөзге не мәлімдеу керек - бұған таңдау бар.

«Ақ Жайық» басшысы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне байланысты конференциялар, брифингттер және осы секілді шараларды ғана емес, басқа қалалардан және шетелдерден журналистерді шақырту арқылы оқу семинарларын , БАҚ-тардағы теңдессіз жұмыс тәжірибелерін жастармен бейресми түрде бөлісе алуы үшін ардагерлермен тұрақты кездесулер ұйымдастыруға жаңа диалог алаңын пайдалануды ұсынды.

- Біздің баспасөз клубымыздың есігі әрдайым ашық, бір-біріңізбен жай ғана жүздесіп, тілдесу үшін де келулеріңізге болады. Бір стакан су қашан да табылады, - деп шақырды әріптестерін сөз соңында Ә.Мұқашев.

Конференцияға қатысушыларға Алматыдағы Шаңырақ ықшамауданында орын алған оқиғадан соң 18 жылға бас бостандығынан айырылып, қазір абақтыда 10-шы жылын өткізіп жатқан танымал диссидент әрі ақын Арон АТАБЕКТІҢ «Сердце Водолея» атты өлеңдер жинағы таныстырылды. Кітапша сырқаты мен жарақаттарына қарамастан рақымшылық жасау туралы өтініш жазудан бас тартып отырған 63 жастағы күрескерді моралдық қолдау ретінде «Ақ Жайық» баспаханасында басылып шықты. Оның атасы қуғын-сүргінге ұшыраған, ал әкесі Гурьев облысынан жас кезінде, сонау 30-шы аштық жылдары кетіп қалған. Сөйтіп, болашақ қайсар ақын Астрахан облысында дүниеге келген. Оның фамилиясы туған кезінде НҰТЫШЕВ болған, кейінірек құжат бойынша ЕДІГЕЕВ болып өзгерген. Бәлкім, осы мәліметтер бойынша Атыраудан туыстары табылып қалар.

Облыстық әкімдіктің ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия ҚЫСТАУБАЕВА, ҚР Журналистер одағының облыстық филиалының төрағасы Қуандық БАТЫРОВ, «Прикаспийская коммуна» газетінің бұрынғы бас редакторы Виктор ШИГАЕВ, «Атырау-Ақпараттың» бұрынғы басшысы Төлеген БЕРІШБАЕВ, облыс әкімінің баспасөз хатшысы Саламат САБЫР, облыс әкімінің бұрынғы аппарат басшысы, Қазақстан, Азербайжан, Татарстан және Ресей жазушылар одақтарының мүшесі Тауфик КАРИМОВ, еңбек сіңірген журналист Әбілхан ТӨЛЕУІШОВ жаңа баспасөз клубының ашылуымен құттықтады.

Ескі достардың әңгіме-сұхбаты фуршет басында жалғасын тапты.


27 мамыр 2016, 22:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.