Атырау, 26 сәуір 18:16
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Маусым аяқталды, акция жалғасуда

2 367 просмотра

Көктемгі балық аулау маусымы мемлекет қазынасын 101 млн теңгемен толықтырды.

Естеріңізге салсақ, биыл балық аулау маусымы бұрынғыдан ерте – 10 наурызда басталып, Жайық өзенінде 25 сәуірге дейін, Қиғаш өзенінде 25 мамырға дейін, теңізде 10 мамырға дейін жалғасқан болатын. Биыл ауыл шаруашылығы министрлігі Жайық-Каспий бассейніне 19 мың 239 тонна қара балық аулау лимитін бөлді. Жайықта Атырау облысының аумағында кәсіпшілік балық аулаушыларға 5 мың 827 тоннаға дейін, Қиғашта 4 мың 090 тоннаға дейін, Каспий теңізінде 9 мың 322 тоннаға дейін балық аулауға рұқсат берілді.

- Жайықта 11 табиғат пайдаланушы балық кәсіпшілігімен айналысты. Квотаны игеру 24,7 пайызды құрады, бюджетке 22 млн теңге түсті. Теңізде 19 артель жұмыс істеді, квота 31 пайызға игерілді, 52 млн теңге түсті. Қиғашта квотаны игеру 48 пайызды құрады, 28 млн теңге түсті. Барлығы бюджетке 102 млн теңге түсті – бұл жоспарланғанның 31 пайызы, - дейді Дамбы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы бөлімінің бас маманы Амангелді АҚТАНОВ.

Балық аулау маусымы аяқталды, бірақ Атырау облысында браконьерлікті құрықтау жөніндегі кең ауқымды «Бекіре-2016» акциясы жалғасуда. Штабтың кезекті отырысында мынадай цифрлар айтылды: 1 сәуірден бастап 20 мамырға дейінгі аралықта мыңнан астам табиғат қорғау заңнамасының бұзылғаны анықталды. 801 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 142 қылмыстық іс қозғалды. 31 тоннадан астам балық (оның 2,2 тоннасы – бекіре тұқымдастар) және 2,5 келі қара уылдырық, 108 жүзбелі құралдар, 1 900 балық аулау құрылғысы тәркіленді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

26 мамыр 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.