Атырау, 27 сәуір 01:33
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«...Көршіміз артық» болмай шықты

1 954 просмотра

Жатақханаларды күреу жөніндегі облыстық бағдарламаясында Досмұхамбетов (бұрынғы Тельман), 15 мекен-жайындағы үйді осы жылдың қаңтар айында күреп, тұрғындарға Нұрсая ықшамауданынан пәтерлер беруі тиіс еді. Алайда, біздегі үш пәтердің иесі өздеріне қала орталығынан екі бөлмелі пәтер беруін талап етті. Осыған байланысты барлық тұрғындарға пәтер беруден бас тартты. Қала әкімдігінің ТКШ бөліміне шағымданғанымыздан ештеңе шықпады, ондағылар тұрғындардың 100 пайыз келісімі міндетті түрде керек екенін мәлімдеді. Сонда біз бір-екі көршінің келіспеуі салдарынан жайсыз жұпыны үйде тұруға мәжбүрміз бе?

Виолетта

Сауалға Атырау қаласының прокуроры Руфат ҚҰТТЫҚОВ жауап берді:

– Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі «2014-2020 жылдары Атырау қаласындағы жатақханаларды, апатты және тозығы жеткен үйлерді күреу жөніндегі шаралар жоспарын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, Досмұхамбетов көшесі, 15 мекен-жайында орналасқан жатақхана күреуге жататын апатты үйлер тізімінде бар. ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 67-бабына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж, жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Аталмыш заңның 29-бабына сәйкес тұрғын үйге меншiк құқығын күштеп (меншiк иесiнiң еркiнен тыс) тоқтатуға құлау (қирау) қаупі бар авариялық тұрғын үйлерді бұзу жағдайларында жол беріледі. Сондықтан да мәслихат шешімі ұсыныс сипатында болады және шешімде көрсетілген апатты, тозығы жеткен үйлер мен жатақханаларды күреу жаңа тұрғын үй құрылысына бюджет қаржысын бөлу шамасына қарай жүргізіледі.

Түсіндіре кетейін, заңның 106-бабына сәйкес, осы заңның 105-бабында көзделген негіздер бойынша азаматтарға тұрғын үй бөлумен байланысты даулар сот тәртібімен шешіледі.

26 мамыр 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.