Атырау, 26 сәуір 16:56
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

А.Мұхамедиұлының пікірінен соң Қырғызстан қарсылық нотасын жолдады

2 558 просмотра

Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі елдегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесші-елшісі Ербол Ахметовты шақырып, Қазақстанға қарсылық нотасын жолдады,- деп хабарлады Baq.kz.

«Кездесу барысында Қазақстан тарапына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының 2016 жылдың 24 мамырында Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәлімдемелеріне байланысты қарсылық нотасы жолданды», - деп хабарлайды Қырғыз СІМ-і.

Сонымен қатар А.Мұхамедиұлының Қырғыз Республикасына қатысты айтқан намысқа тиетін және сараланбаған пікірі Қырғызстан халқының наразылығын тудырғаны әрі қырғыз-қазақ арасындағы одақтас рухқа сәйкес келмейтіні айтылды.

Қырғыз СІМ басшысы, сондай-ақ, Қазақстан тарапынан Қырғызстанға қатысты бірбеткей пікірлер жиілеп кеткенін және олар Қазақстанның мемлекеттік арналарында ашық жарияланып жатқанын сынға алды.

Естеріңізге сала кетейік, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 23 мамырда өткізген есептік жиынында әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовты мақтаймын деп отырып, қырғыз халқының да, үкіметінің де шамына тиетін сөздер айтты.

«Жасыратыны жоқ, Мәскеуге немесе өзге қалаларға ұшып келсең қоғамдық дәретханаларды жап-жас қырғыздың қыздары жуып жүреді. Бұл әрине, көңілге ауыр тиетіні сөзсіз. Нағыз жастық шағында неліктен олар дәретхана жуып жүр деп ойлайсың? Елінде жұмыс немесе болашақ болмаса әрине, қырғыздар өзге қалаларға барып күнелтуге мәжбүр. Осыны ертеректе біліп ескерткен Шыңғыс Айтматов — ұлы жазушы», - деген болатын Арыстанбек Мұхамедиұлы сол есептік жиында.

Дереккөз:Вaq.kz

25 мамыр 2016, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.