Атырау, 27 сәуір 04:41
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Нео-фольклордың» сән-салтанаты

Сурет
7 435 просмотра

Бояулардың реңі, әшекейлердің кемпірқосақ түсіндей жайнаған ұшқыны, алтынның жарқылы көзге ұрады. Ғажап сәнді киімдерге тек сүйсініп қарап қоймай, қолыңмен ұстап көргің де келеді. 4 мамыр күні Құрманғазы мәдениет үйінде өткен киім дизайнерлерінің республикалық «Нео-фольклор» байқауының қалалық іріктеу туры барысында көрсетілгеннің бәрі тамаша шеберлердің өз қолдарынан шыққан дүниелер болды.

ТАЛАНТ ЖӘНЕ ТЫНЫМСЫЗ ЕҢБЕК

Қалалық гендерлік комиссия мен қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен өткізілген байқауға барлық ниет білдірушілер қатысты. Олардың саны 19 болды. Олар - әуесқой қолөнер шеберлері, кәсіби шеберлер және оқу мекемелерінің түлектері. Бұл байқау «Нео-фольклор» деп атауы айтып тұрғандай, дәстүрлі ұлттық костюмдер мен әлемдік сән үрдісінің өзара үйлесімділігін білдірді. Қатысушыларға өз қимылдарындағы ерекшеліктері мен шеберліктерін төрт бағытта — киім үлгісі, бас киім, аксессуар және аяқ киім үлгісі бойынша көрсету ұсынылды. Төртінші бағыт бойынша ешкім шыға қоймады, алайда, алғашқы үш бағыттағы шеберлердің өзі-ақ көрермендерге мереке сыйлай білді. Қалалық мектеп оқушылары орталығының ұстазы Разия ӨТЕПҚАЛИЕВА өрнекті камзолдар дайындау барысында жұқа киізді қолдана білген. Бұл жұмыс нағыз тынымсыз еңбекті талап ететінін атап кеткен жөн.

- Мен алдымен үлгісін ойлап табамын, кесіп-пішіп аламын, оюларын ойлап табамын, оны үлгіге салып, мұқият қолмен барлық оюларды қиып аламын. Дайын бұйымдарды қалауыңызша моншақтармен, әшекейлермен, түйреуіш, қыстырғыштармен безендіруге болады. Ондай киімдермен кез келген тойға ұялмай бара аласыз, - дейді Разия. Ол өзінің қолөнер шеберлігінің құпиясын жасырмай өзінің орталықтағы шәкірттеріне үйретуде.

Би-Батима СҮНДЕТОВАНЫҢ әшекейлері этникалық стильде орындалған, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Табиғи тастармен, моншақтармен, әшекейлермен көмкерілген бір алқаны дайындауға оның бір апта, кейде, он күн уақыты кетеді.

- Алдымен болашақ бұйымның үлгісін жасап аламын. Маған қазақтың ою-өрнектері жақсы таныс, сондықтан да оларды негіз етіп аламын. Одан соң түстердің үйлесімділігін ойластырып алып, детальдардың орналасуын белгілеймін, - деп әңгімелейді Би-Батима. - Ал, енді одан әрі жұмыстың ең қиыны – оның бәрін мұқият және сапалы түрде тігіп шығу керек. Өйткені, мұндай әшекейлерді аруларымыз ұзақ уақыт тағуы тиіс қой.

Би-Батима өз жұмыстарына маржан тастарды, говлит, түрлі моншақтарды, Сваровски әшекейлерін, металл ұсақ-түйектерді және көптеген басқа заттарды қолданады.

- Бұл әшекейлермен айналыс-қаныма екі жылдай болды. Материалдарды әртүрлі елдерден интернет-дүкен арқылы тапсырыс беріп, алдыртып отырамын.

Оның бұйымдары біреулерге шомбал болып көрінгенмен, енді біреулерге қатты ұнап та жатады. Айталық, оларды танымал қазақстандық «Қыздар-ай» тобының арулары тағады, оның Атырауда да өз клиенттері бар.

«МАҒАН ХАНШАЙЫМ ТУРАЛЫ АҢЫЗ маза БЕРМЕДІ…»

Х. Досмұхамедов атындағы АМУ-нің тігін шеберлігі мұғалімі Айзада КАНЕНОВА байқау туралы бір апта бұрын ғана естіген және үш модель үшін өз топтамасын жасауға оның осынша уақыты кеткен. Алайда, ол барлық ұсақ-түйектерді қалдырмастан ойластырып үлгерген.

- Жасыл түсті сәнді киімді көйлек ретінде де және басқа көйлектерге камзол ретінде де киюге болады. Қызыл камзолды костюмді де өзін немесе басқа бір көйлекпен, не болмаса белдемшемен киюге болады, - деп әңгімелейді жас дизайнер.

Қатысушылар арасында дизайн өнерінде алғашқы қадам жасаған ең жас шеберлер де болды. Кіші өнер академиясының түлектері көрермендер мен қазылар алқасына өздерінің «Қазақ аруы» деп аталатын сәнді киімдер топтамасын ұсынды және бұл олардың «дипломдық» жұмысы болды.

- Биылғы жылы біз түлектері-міздің дипломдық жұмыстарының тақырыбына қазақтың ұлттық костюмдерін алдық. Ал, байқау туралы естігенде оған қатысамыз деп шештік, өйткені, қыздарымыздың қолынан шыққан киімдері, жаңа сәндік ағымға және байқау талаптарына сай келді, - дейді КӨА киімді құрастыру және үлгілеу бөлімінің мұғалімі Жанар ДУРАШЕВА. Оның оқушысы керемет сәнді көйлек киген Аружан АМАНЖОЛОВА өз костюмінің идеясымен бөлісті:

- Біздің алдымызда үлкен міндет тұрды, бізге қазақ аруының бейнесін жасауымыз керек болды. Маған Сарайшықты билеген хандардың бірінің қызы – ханшайым туралы әдемі аңыз маза бермеді. Міне, сол нәзік ханшайымның бейнесін мен өз киім үлгісі арқылы көрсетуге тырыстым.

Байқау қазыларына жеңімпаз-ды анықтау оңайға түспеді. Ұсынылған жұмыстарды ұзаққа созылған талқылаудан соң үш жеңімпаз анықталды. «Киім» номинациясы бойынша ең үздік дизайнер Халифа МУСИНА, «Бас киім» номинациясы бойынша - Жанар Дурашева, ал, «Аксессуарлар» номинациясы бойынша - Би-Батима Сүндетова жеңімпаз деп танылды.

Қалалық байқаудың жеңімпаздары республикалық байқауға жолдама алу үшін 20 мамырда өтетін өңірлік турда бақ сынайтын болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

12 мамыр 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.