Атырау, 26 сәуір 18:48
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Атырауды гүлстанға айналдыру керек

Сурет
5 867 просмотра


Биыл Атырауда 400 мыңдай гүл отырғызу жоспарланып отыр. 7 мамырға орай Жеңіс бағын гүл композияцияларымен безендіреді.

Мұнымен жасыл-желектерге күтім жасау және абаттандыру жөніндегі тендер жеңімпазы болған Қазақ саңыраулар қоғамының (ҚСҚ) оқу-өндірістік кәсіпорны айналысады. Қалалық билік көгалдандыруға 217 млн теңге, гүлдерге бөлек – 117 млн теңге бөлді.

Атырау облысында есту қабілеті бойынша 817 мүгедек тұрады. Көгалдандыруға 103 адам тартылды, қажет болған жағдайда бұл 250-ге дейін көбейтілуі мүмкін. Орташа жалақы - 70 мың теңге.

– Өткен жылы көгалдандырумен айналысқан «Зеленстрой» компаниясы біздің қызметкерлерді де жұмысқа тартқан еді. Сондықтан жұмыс жасау тәжірибеміз бар. Әрине, мамандарды да шақырамыз. Қазір топырақты қопсыту және тыңайту, қоқыстарды жинау жұмыстары жүріп жатыр. Кей жерлерге газон отырғызу керек. Бірақ көбінесе өсіп тұрған жасыл желектерді күтімге аламыз, - дейді ҚСҚ оқу-өндірістік кәсіпорны директорының орынбасары Сәуле ЖАНАЕВА.

Таяу уақыттарда Исатай-Махамбет алаңына, Атырау университеті аумағына, Сәтпаев даңғылының бойына және әуежай трассасының бойына гүлзарлар отырғызылатын болады. 7 мамырға орай Жеңіс бағына түрлі сұрыптағы шырайгүлдер, сальвия, есінек, барқытшөп өсімдіктері отырғызылады. Егер жерсініп кетсе, тырбық үлпек пен көпжылдық гайлардия гүлін отырғызып көреді. Жалпы алаңы 10 мың шаршы метр жерге барлығы 400 мыңдай гүл отырғызу жоспарланып отыр. Олар осы жерде өсірілгендіктен біздің климатымызға бейімделген. Бұл маңызды жайт, өйткені өткен жылы көгалдандырушылар масаларды үркітетін бұталарды отырғызып көрген, алайда олар климаттың қаталдығына төзе алмай, өліп қалған еді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА

30 сәуір 2016, 19:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.