Атырау, 26 сәуір 19:24
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Рио-де-Жанейро олимпиадасының алауы жағылды

2 209 просмотра

Фото: Milos Bicanski / Getty ImagesГрекияда Рио-де-Жанейро олимпиадасының алауы тұтанды,- деп хабарлайды Азаттық.

Алауды 21 сәуірде грек актрисасы Катерина Леху ежелгі Олимпия кешенінде өткен салтанатты рәсімде жақты. Халықаралық олимпиада комитетінің хабарлауынша, алау енді алты күн бойы Грекияны шарлап, Марафон қаласына және Афиныдағы мигранттар лагеріне барады.

Олимпиада алауы 3 мамырда Бразилияға жеткізіліп, 100 күн бойы елді аралап, әр штатта, 500 қала мен елді мекенде болады.

12 мың адам алып жүретін олимпиада алауы эстафетасы тамыздың 5-і күні Рио-де-Жанейродағы олимпиада ойындарының ашылуында аяқталады.

Оңтүстік Америка елдері тарихында бірінші рет өтетін жазғы олимпиада 5-21 тамыз күндері болады.

Дереккөз: Аzattyq.org

21 сәуір 2016, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.