Атырау, 26 сәуір 22:48
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Браконьерлер балық қорғау инспекторларына шабуыл жасады

6 435 просмотра

5 желтоқсанда Бесікті поселкесінің маңында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының рейдтік тобына бірнеше ондаған жергілікті тұрғындар шабуыл жасады.

Инспекцияның бақылау-инспекциялық жұмыстар бөлімінің бастығы Олег ТУШКАНОВТЫҢ айтуынша, 5 желтоқсанда күндіз Бесікті маңындағы мұз боп қатқан Жайық өзенінде балық қорғау қызметкерлері су қоймасын браконьерлік аулардан тазарту жұмыстарымен айналысып жатқан. 20 ауды шығарып үлгерген кезде инспекторларға 40 шақты жергілікті тұрғындар бас салып, оларды ұрып-соға бастаған. Екі инспектор дене жарақатын алыпты.

Кейін шабуыл жасаған үш адамды полицейлер ұстаған. ҚР ҚК-нің 257-бабы бойынша («Бұзақылық») қылмыстық іс қозғалды. Тергеу ісімен Атырау қалалық ІІБ айналысуда.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

8 желтоқсан 2011, 23:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.