Атырау, 26 сәуір 15:31
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

ТКШ қажетсіз анықтаманы талап етті

2 764 просмотра

Қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі тұрғын үй алу кезегінде тұрған азаматтардан заңда қарастырылмаған құжаттарды талап еткен.

«Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі облыстық денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет басқармаларынан мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезегінде тұрған өз қызметкерлерінен сотталғандығы бар ма, жоқ па, есепке тұрған күндері, соңғы бес жылда қайда тұрғаны және республика аумағында атында үйінің бар-жоғы туралы қосымша мәліметтерді талап етуді міндеттеді,-дейді Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Светлана ЖҰМАШЕВА. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға сәйкес, тұрғын үй кезегіне тұру үшін бар болғаны бірнеше ғана құжаттар керек: арнаулы белгіленген формада есепке алу туралы өтініш, әділет департаментінен (арыз берушінің отбасы мүшелерімен бірге меншік құқығы бар тұрақты тұратын тұрғын үйінің жоқтығы туралы) анықтама, әлеуметтік қорғау органдарынан (егер кезекке тұрған адам халықтың әлеуметтік қорғалған бөлігіне жататын болса), жұмыс орнынан анықтама (мемлекеттік қызметкер, бюджеттік мекеме қызметкері және әскери қызметкерлер үшін). Оған қосымша азаматтардың тіркелу кітапшасының көшірмесі және құжаттарды салыстыру үшін түпнұсқалары ғана керек. Өтініш беруші қажеттілік барысында басқа тұлғаларды отбасы мүшелері ретінде тану үшін жергілікті атқарушы органдардан анықтама ұсынады. Ал, егер отбасында ауыр сырқаты бар адам болса, онда оған сәйкес анықтаманы тапсыру керек, ол анықтама кезекте тұрғанға мүгедек жан үшін қосымша бір бөлмені талап етуіне мүмкіндік береді».

Қала прокуратурасы ТКШ әрекетіне наразылық білдірді және оған кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту үшін қалалық әкімдікке ұйғарым жолдады. Заңсыз талаптар алынып тасталды. Ешкімге керегі жоқ қағаздарды жинаймын деп жүйкесі мен уақытын тоздырғандардың бірде-біреуі прокуратураға шағымданбаған. Адамдар ТКШ бөлімінің қойған талаптарын заңды деп танып, табандылықпен орындаған. «Бізге ТКШ бөлімінің әрекетіне қатысты ешқандай шағым түскен жоқ», - деп растады С.Жұмашева.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Сурет "АЖ" мұрағатынан алынды

6 желтоқсан 2011, 18:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.