Атырау, 26 сәуір 19:34
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ақжардағы өлім және көпірдегі суицид

2 593 просмотра

26 ақпанда қала маңындағы Ақжар поселкесінде (ол жердегі мұз ойылмаған) 33 жастағы жергілікті тұрғын Жайық өзеніне батып кетті.

Куәгерлердің айтуынша, таңертең ол Бугорки саяжай массивінің маңынан мұз бетімен келесі бетке өткен. Ал кешкісін кері қайтқанда, мұз астына түсіп, суға батып кетті. Сүңгуірлер денені 27 ақпанда тал түсте судан шығарып алды.

Тағы бір қайғылы оқиға облыс орталығында орын алды. Судан құтқару қызметінің бастығы Самат ҚҰМАШЕВТІҢ айтуынша, 27 ақпанға қараған түні облыстық ТЖД кезекшісінің пультіне Әлиев-Сатыбалдиев көпірінен Атырау қаласының 25 жастағы тұрғыны секіріп, суға кеткені туралы хабарлама түсті. Онымен бірге көпір бойымен келе жатқан досы қоңырау шалды. Сүңгуірлер денені 27 ақпан күні күндіз судан шығарып алды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 ақпан 2016, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.