Атырау, 27 сәуір 08:19
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

"Британия баспасөзі: Ресейді соғысуға итермелеп керегі жоқ". "«Имидж жасаудың шебері» Бердібек Сапарбаев". "Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттердің тауар айналымы төмендеп кетті. Неге?". "Путиннің мұрагері белгілі болды".

3 057 просмотра

RAS.KZ. "Армения президенті мен премьері бір әйел үшін таласып жатыр" - Шамасы, армян эмансипациясы осымен бітетін сияқты. Бұдан бірнеше ай ғана бұрын Армения әділет министрінің орынтағына отырған Арпине Ованисян енді бұл лауазымнан айрылып та қалуы мүмкін. Бұл туралы Day.az ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

"Британия баспасөзі: Ресейді соғысуға итермелеп керегі жоқ" - Ресейді құбыжық етіп көрсете беру Британияның қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды. Кент университетінің профессоры Ричард Саква осылай деді. Бұл туралы Guardian газетінің дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.

KORRESPONDENT.KZ. "Әнші Қалаубаеваның үш тілді «I Love you» әні тыңдармандарының сынына ұшырады" - Әнші Айкерім Қалаубаева үш тілде шырқалатын «I love you» әнін тыңдармандарына ұсынды. Өнер иесі алғашында әннен үзіндіні инстаграм желісіндегі парақшасына жариялаған болатын. Оның еңбегіне жеміс тілегендермен қатар, соңғы уақытта өнер иесінің әнге деген талғамы төмендеп бара жатқанына алаңдағандар да табылды.

AZATTYQ.ORG. "Eurovision: Әнші Қырым татарлары қасіретін жеткізсем дейді" - Eurovision ән байқауына Украина атынан қырымдық әнші Жамала шығатын тәрізді. Оның «1944» әнінде СССР диктаторы Сталин тұсында Қырым татарларын ОА-ға депортациялағаны баяндалады.

"«Имидж жасаудың шебері» Бердібек Сапарбаев" - Ақпанның 9-ы күні зейнет жасына толған Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкілеттігін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен жұма 2020 жылға дейін ұзартты. Назарбаев оған дейін өзге әкімдерді Сапарбаевты үлгі алуға шақырған.

"ОА-дағы непотизм мен әулеттер билігі" - Орталық Азияда әулеттік билеу дәстүрі қайта орнығып келеді. Аймақтағы бес мемлекеттің үшеуінде бұл құбылыс айқынырақ көріне бастады.

QAMSHY.KZ. "Қазақстан Еуразиялық одаққа мүшелікті тоқтауы керек" - Қолданбалы саясаттану және халықаралық зерттеулер орталығының жетекшісі Айдар Әміребаев «Капитал» іскерлік ақпарат орталығының сайтына осындай тақырыппен мақала жариялады. Ресей саясаты мен онымен одақтас елдердің экономикалық ахуалы бүгінде өзекті тақырыптардың бірі екенін ескеріп, сол мақаланы қазақ тілінде назарларыңызға ұсынамыз.

ABAI.KZ. "Біз, әлеуметтік желі және қайтпаған кек" - Адам баласы сонау ықылым замандардан бері қауымдасып өмір сүреді. Қауымдасып өмір сүру адамзаттың дамуына қарай түрлі формаға өтіп отырды. Біздің заманымыздағы соның бір формасы – әлеуметтік желі. Оның ішінде де ашық, жабық, жариялы топтарға бөлінеміз. Алып ақпарат жәшігі – интернеттің ішінде де осылайша, топтасып «өмір сүреміз». Әрине, әлеуметтік желіде тып-тыныш, мамыражай «өмір» жоқ. Қай кезде де бұрқ-сарқ қайнап жатады. Алайда, дәл осы әлеуметтік желі бүгінгі қоғамды, өмірді, яғни бізді бар қырынан «жарқыратып» көрсетіп тұрған айна.

EGEMEN.KZ. "Мұқағали, Әбіш және Асқар Сүлейменов" - …Телефон қылғына шырылдайды…«Құдауанда, мыналар мені пісіріп жейтін шығар бір күні… Мені қойшы, Шерағаңды шерменде қылатын болды ғой. Таяқ жейтін сол. Бүйте берсе, орнын босаттырары анық. Одан да опық жегізер оқиғаның алдын алған абзал. Енді соза беруге болмас, бір шешімге келу керек…».

"Ирандық вектор: жаңа рыноктар, жаңа мүмкіндіктер" - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Роухани арасындағы келісім аясында екі мемлекеттің сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

ZHASALASH.KZ. "Төрт қырлы тiл" - Үштұғырлы тiл идеясын сәл асығыстау айтып қо­йыппыз. Дұрысы – төртеу екен. Шүкiр дейiк, үкiмет басшысының орынбасары Дариға Назарбаева кемшiлiктi дер кезiнде көрiп, түзету енгiзуге тұрарлық бастама көтердi. Бұл – “тағы қай тiлдi үйренсем екен…" деп iшi пысып жүрген қазаққа темiрқазық iспеттi дүние. Бiрақ тәп-тәуiр ұсыныс кежегесi кейiн тарт­қан “кержал­қауларға" жақпай жатыр.

"Ырысты, күрiштi Жапония" - Халықтың бақытты, я бақытсыз болуы кейде мемлекет басшысына да байланысты сияқты. Мәселен, 1868 жылы Жапонияның император тағына Муцухито отырды. Осы император басқарған кезеңдi (1868–1910 жылдар) жапон тарихшылары “Мэйдзи кезеңi" дейдi. “Мэйдзи" деген не? “Бiлiктi, бiлiмдi басшы" деген сөз. Жапон тарихшылары Муцухито басқарған кезеңдi “бiлiктi де бiлiмдi басшының кезеңi" деп алабөтен бөлiп айтады (Халықтың зердесi жақсылықты, игiлiктi, iзгi iстердi ешуақытта ұмытпайды ғой, бұл да бiздiң қазақтардың “Әз Жәнiбек ханның тұсында...", “Қасым ханның қасқа жолы", “Есiм ханның ескi жолы" дегенiне келiңкiрейдi).

"«Қыздың жолы жiңiшке»" - Сонымен, саяси партиялар Мә­жi­лiс мандатынан дәмелi үмiткер­лердiң тiзiмiн жариялады. Орталық сайлау комиссиясына үмiт­кер­­лерiн алғашқы болып би­лiктiң партиясы “Нұр Отан" тiркедi. Осы тiзiмдi көруге асық бол­ғанымыз рас. Өйткенi күнi ертең мәжiлiс­мен­дердiң денiн “нұротандықтар" құрайтыны бесенеден бел­гiлi ғой. Кiм бар, кiм жоқ дегендей... Тiзiм­ге қарап отырсаңыз, тү­сiн­бей­тiн нәрсе көп.

"«Елшiлер не iстеп жүргендерiн өзi бiлмейдi» ендi оларды инвестиция тартуға жұмылдырмақ" - Соңғы уақытта президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елшiлiктердiң жұмысына онша-мұнша көңiлi толмай жүргендей. Былтырғы жылы Қазақстанның шетелдерде дипломатиялық өкiлдiктерi тым көп екенiн айтып, оларды қысқарту мәселесiн көтерген. Елшiлер құр жүрмей, елiмiзге инвестиция тарта жүрсiн деген бастаманы мойындарына қоса жүктеген. Өткен аптада Астанада президенттiң қатысуымен өткен кеңейтiлген алқа мәжiлiсiнде сол тапсырманы қайта пысықтады.

TURKYSTAN.KZ. "Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттердің тауар айналымы төмендеп кетті. Неге?" - «Еуразия әлемі» пікір-сайыс клубының қатысушылары бұл жолы «Интеграциялық әлеует және мұндағы Қазақстанның мүмкіндігі» атты тақырыпты талқыға салды. Пікір-сайыс клубының жетекшісі Эдуард Полетаев өз сөзінде Қазақстанның Еуропалық одақпен арадағы әріптестік келісімшартқа қол қоюына баға берді. «Бұл біздің дипломатия үшін үлкен жетістік. Қосымша еуропалық инвестицияларды тарта аламыз. Бұл келісім Еуразиялық одақтың принципіне де қайшы келмейді», – деді.

ULT.KZ. "Путиннің мұрагері белгілі болды" - Ресейдің қаржыгері әрі блогері Слава Рабиновичтің ойынша, жуырда Тула облысы губернаторының міндетін ақарушы болып тағайындалған Алексей Дюмин Ресей президенті Владимир Путиннің мұрагері болып есептеледі. Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбасына қарағанда А.Дюминнің аталған лауазымға кірісуі Кремльде «мұрагер операциясының» басталғанын білдіреді. «Мұрагер операциясы» бұл арнайы операция. Осындай арнайы операция кезінде Путин президент болды. Енді оның орнын Дюмин басады. Путин уақтысында Собчактың адъютанты әрі күзетшісі болған. Ал Дюмин Путиннің адъютанты әрі күзетшісі болды» дейді блогер.

KAZAKHSTANZAMAN.KZ. "NU студенті америкалық миллиардердің грантын қалай ұтып алды?" - Қазақ баласы америкалық миллиардердің грантын ұтып алды. Бұл туралы Назарбаев университетінің студенті «Ұлан» газетіне берген сұхбатында айтқан. Стивен Шварцман – америкалық миллиардер. Оның есімі əлемнің ең беделді 100 адамының тізіміне де енген («Times» журналы, 2007 жыл). Сол қаржыгер Шварцман 2013 жылы «Schwarzman Scholars» атты шəкіртақы дайындайтынын, сол жоба үшін өз қаражатынан 100 миллион доллар бөлетінін хабарлаған болатын. Міне, сол Шварцманның алғашқы грант иегерлері жақында анықталды. Дүниежүзі бойынша 3 мыңнан аса үміткер білімімен бақ сынасты. Оның тек жүзі ғана іріктеліп шықты.

AIKYN.KZ. "Бақылаушылар іске байыппен кірісті" - Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшелері Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловпен кездесу өткізді.

"Елімізге 957 мың 772 қандасымыз келді" - Елбасы Ұлт жоспары – бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамның» көші-қон мен халықты жұмыспен қамту салаларын әрі қарай жетілдіруді жүзеге асыруға бағытталған «Кейбір заңнамалық актілерге халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңына қол қойған болатын.

10 ақпан 2016, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.